Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

2.7.4. Командальщ әрекет Баскетболдағы шабуылдың табысының негізі - тиімді жолмен ойыншылардың біріне шығыршыққа доп салу үшін қолайлы жағдай тудыру үшін бағытталған ұжымдық әрекет. Өзара түсіністік, ойын- паздық, ұжымның мүддесі үшін жүмылдыратын командалық әрекет- терсіз шабуылда толыққанды ойнау мүмкін емес. Өте күшті бірақ әріптестерімен сауатты өзара қимыл жасай алмайтын ойыншылар- дан құралған шабуылшы команда жоғары білікті қарсыласын жеңуде шарасыз болады. Тәсілдік әрекеттер барысында команда мынаны қамтамасыз етуге тырысады: а) добы бар ойыншының қарсылас қалқаны астына таза шығуы; ә) орта қашықтықтан немесе алыс қашықтықтан үш үпайлы доп салу еш кедергісіз болады (а) қарсылықсыз; б) алаңның белгілі бір бөлігінде қорғаушылардан шабуылшы- лардың аз уақытқа басым түсуі; в) шабуылшының қорғаушымен жекпе-жегі үшін қолайлы жағ- дай мынаны ұсынады: - қорғаушылардың бірін-бірі қорғаушының болмауы; - шабуылға дайындық әрекетін жүргізуге мүмкіндік беретін шабуылшы мен оны бақылайтын қорғаушы арасындағы қашық- тықты уақытша арттыру; - қорғаушының шабуылшыға мәжбүрлі шүғыл жақындауы (қарсы қозғалыс); - қимылсыз қалыпта тұрған қорғаушыға қарсы жылдамдық алып үлгерген шабуылшының әрекеті; - шабуылшының қорғаушыдан бойы үзын болуы; - шабуылшының қорғаушыдан атлеттік, шапшаңдық, үйлесім- ділігінің артық болуы; - шабуылшының қорғаушыдан психологиялық сапа жағынан басым болуы; г) мүмкін қайта шабуылға қарсы тылды қорғау. Жоғарыда айтылғандай баскетболдағы шабуылды тәсілдік ба- ғыты жағынан екі түрге бөледі: талпыныстық және позициялық. Команда допты тартып алып немесе бос кеңістіктен иеденсе (таласты 110

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==