66-сурет. Қозгалыстагы тосқауыл түрлері Алдыңғы тосқауылдан «экран» тосқауылын жүргізуге өту өте қолайлы. «Экранның» әсерлілігі баскетболшьтлардың өзара түсінушілік- теріне тіклей байланысты. Тосқауыл өз мақсатына жетуі үшін, оны әріптесінің орналасуына өте қолайлы жерден қою керек. Тосқауыл қойылатын ойыншының әрекеті тосқауыл қоюшы әріптесінің әре- кетімен үйлесімді болуы тиіс. Ол тосқауыл қойылмай түрып, қар- сыласынан ерте кетіп қалмауы керек. Бірақ кешігіп шығу да қате, олай етпесе, қарсыласы қорғаныс қойып үлгереді. Добы бар ойыншыға қарағанда добы жоқ ойыншы үшін тос- қауыл қолданған өте дүрыс, өйткені оны мүқият бақыламайды. Жалгастыра жүргізу. Шабуылшы сол сәтте бақылайтын қор- ғаушының жолындағы тосқауыл тәрізді түрақты қалыпта түрған кез-келген өз әріптесін пайдалана алады. Шабуылшы әріптесіне жақын жерден үлкен жылдамдықпен жүгіре өтіп, бақылаушыны осы эріптесін немесе қорғаушыны итеріп кетуге мәжбүр етеді. Сол аркылы шабуылшы оны бақылайтын қорғаушыны алдын-ала қарас- тырған түрыста түрған өз әріптесіне айдап салады. Жалғастыра жүргізуді добы бар және допсыз ойыншылар да іске асыра алады. 67, а-суретте шабуылшы допты жүргізіп әріптесіне жанаса өтетін жалғастыра жүргізу көрсетілген; 67, б-суретте допсыз ойыншы әріптесі мен оны бақылайтын қорғаушының арасына шығады; ал 68- суретте әріптесі қарсыласын бағдарынан жаңылдыратын ойыншы- ның қимылы басталған сәтте жалғастыра жүргізу үшін орынға келеді. 102
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==