СПОРТТЫҚ ОИЫНДАР СИХЫМБАЕВ Қ. С., КИЛИБАЕВ А.А.
____________________________ Сихымбаев Қ.С., Килибаев А.А. СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР Оцулык Алматы, 2021
ӘОЖ 796(075.8) КБЖ 75.5я73 С 42 ҚР Білім және Ғылым министрлігінің М.Әуезов атындагы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі Республикальщ оқу әдістемелік кеңесінде үсынылган (Хаттама №5, 11.06.2021ж). Пікір білдіруіиілер: Беркімбаев К. - п.ғ.д., профессор, Х.А.Ясауи ат. ХҚТУ; Оңалбек Ж. - ,-п.ғ.д., профессор, АИӘУ; Жолдасбсков А.А. - ,-п.ғ.д., профессор, М.Әуезов ат. ОҚМУ; Сихымбаев Қ. С., Килибаев А.А. С 42 Спорттық ОЙындар: Оқулық. — Алматы: ЖШС «Лантар Трейд», 2021 320 6. ISBN 978 601 7659 60 8 (іқүііыһ спорный. оііыпдіір Гюііыпіііа георияллық біліміп тәжірибе іку іііііц’ қолдппүыііп, жпс жпгп.іқгыруіпыга жәпе кәсіби спортшыларға, гпорі іүрііері (юйыпііііі лдіс-гасілдеріп мецгеруніілерге арналған. ӘОЖ 796(075.8) КБЖ 75.5я73 ISBN 978-601-7659-60-8 © Сихымбаев Қ. С., Килибаев А.А., 2021 © ТОО Лантар Трейд, 2021
МАЗМҰНЫ Кіріспе......................................................................................... 5 І-ТАРАУ ФУТБОЛ 6 1.1 Футболшының дене дайындығы.......................................... 8 1.2 Футболшының техникалық дайындығы.............................. 15 1.3 Қақпашы ойынның техникасы.............................................. 34 1.4 Футболшылардың тактикалық даярлығы............................ 43 ІІ-ТАРАУ БАСКЕТБОЛ 43 2.1 Ойынның пайда болу және таралуы.................................... 45 2.2 Баскетболшының алаңдағы қозғалысы шабуыл әдістері.... 76 2.3 Допты иемдену әдісі............ ;................................................ 81 2.4 Финттер және әдістердің үйлесімі....................................... 86 2.5. Стратегия............................................................................... 88 2.6. Тәсіл........................................................................................ 89 2.7. Тәсілдің жіктелуі....................... ............................................ 90 2.7.1. Шабуылтәсілі........................................................................ 91 2.7.2. Жеке әрекеттер....................................................................... 96 2.7.3. Топтық әрекет......................................................................... 110 2.7.4. Командалык әрекет................................................................ 138 2.8. Қорғаныс тәсілі..................................................................... 163 2.9. Баскетболды окыту әдістемесінің жалпы сипаттамасы..... 166 2.9.1. Әдістіүйрету......................................................................... 168 2.9.2. Окытудың дидактикалық принциптері................................ 172 2.9.3. Жаттықтырудың мақсаты мен міндеттері........................... 172 2.9.4. Спорт жаттықтыруының әдістері......................................... 178 2.9.5. Дене дайындығы.................................................................... 189 2.9.6. Әдістік дайындык................................................................. 189
2.9.7. Тәсілдік дайындық................................................................. 197 2.9.8. Ойын дайындығы................................................................... 199 2.9.9. Психологиялық дайындық.................................................... 202 Ш-ТАРАУ ВОЛЕЙБОЛ 202 3.1 Ойынның пайда болуы мен дамуы....................................... 208 3.2 Ойын әдістерінің негізгі ұғымдары мен жіктелуі............... 211 3.3 Шабуыл әдісі Ауысу әдісі..................................................... 211 3.3.1 3.3.2 . Допты иемдену әдісі............................................................. 213 3.4 . Қорғаныс әдісі.................................................................... 231 3.5 . Ойынтәсілі........................................................................ 238 3.5.1. Ойыншылардың кызметі...................................................... 242 3.6 . Қорғаныс тәсілі.................................................................. 257 IV-ТАРАУ ҚОЛ ДОБЫ 273 4.1. Қол добының дамуы туралы қысқаша 273 мәліметтер............... 4.2. Ойынтәсілі............................................................................ 276 4.3. Қакпашының тәсілі мен тактикасы...................................... 287 4.4. Шабуылдағы ойын тактикасы............................................... 291 4.5. Қорғаныс тактикасы.............................................................. 301 4.6. Оқыту әдістемесі.................................................................... 307 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 319 4
КІРІСПЕ ЖОО студенттерінің дене тәрбиесі пәні бойынша оқу жоспары- ның бірнеше бөлігін қүрайды. Бүл оқу құралында көрсетілген спорт түрілерін кез-келген адам өз бетінше меңгеруге жарыс бағдарла- масына дайындалуға маңызды мүмкіндік береді. Сондай-ақ дені сау үрпақ тәрбиелеуде, салауатты өмір салтын үстануда таптырмас қү- рал болып табылады. Дайындалған оқу қүралдың мақсаты спорттық ойындар бойынша ЖОО-ғы студенттерді, үстаз-жаттықтырушыларды спорт саласын- дағы колледждер және жаттықтырушыларды спорт мектебінде, орта мектептерде жүмыс істей білу үшін қажетті теориялық білім алуына, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра алуына білуін қамтамасыз ету. Ұсынылған жекелеген оқыту әдістері өсу күрделілігі тәртібімен орналасқан жаттығу элементтерін жеңіл меңгеруге арналған. Оқу құралының көмегімен теориялық білімді бекітуге септігін тигізеді және сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын үғымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдіс- темесін меңгереді, жалпы және арнайы дене дайындығының тәсілде- рін оқыту әдістемесін оқиды. Аталған мақсаттарды іске асыру барысында төмендегілей тап- сырмаларды орындау қамтылған: - Дене тәрбиесін оқыту әдістемесінде спорттың техникалық элементтерін үтымды орындауда дағдылар біліктілікті қалыптастыру; - оқу жаттығу процесін үйымдастыру, жоспарлау бойынша бі- ліктілікті қалыптастыра отырып жетілдіру; - спорттық ойындарға машықтанудың теориясы, әдістемесі және практикасы бойынша білім беру; - спорттық дайындықты басқару, бақылаудың әдістемелік негіз- дері және ғылыми-зерттеу жүмыстары бойынша дағдыларды қалып- тастыру; - ақпараттық және мәселелік дәрістер бойынша спорттың даму тарихы, олардың спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, спорттың техникасы мен тактикасы, оқыту әдістемесі, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлүматтар хабарланады; - студенттерді әр түрлі жастағы топтармен жүмыс істеуге ауызша және практика жүзінде дайындау. 5
I. ФУТБОЛ Футбол (ағыл. foot - аяқ және ball - доп) командалық спорттық ойын. «Аяқ добының» тарихы бірнеше жүздеген жылдардан бастап саналады. Футболға үқсас түрлі доппен ойналатын ойындарды Ежелгі Шығыста (Египет, Қытай), көне дәуірде (Греция, Рим), Францияда («ла суль»), Италияда («кальчио») және Англияда ойнаған. Еуропа футболы тікелей римдік «гарпастум» ойынынан бастау алады деп есептеледі. Легионерлердің әскери дайындығының негізгі түрлерінің бірі болып саналатын бүл ойында допты екі баған арасынан өткізу қажет болатын. Шамамен 5 ғасырда бүл ойын Рим империясымен бірге жойылып кетті, бірақ Еуропа түрғындары арасында және Италияда сақталып қалды. 1863 жылы Англияда әлемдегі тұңғыш футбол ассоциациясы құрылып, әлемде бірінші рет ресми ойын ережесі жа- салды, ол бірнеше онжылдықтардан кейін баршаға танымал болды. 1873 жылдан бастап халықаралық кездесулер бастау алады. Англия мен Шотландия қүрама командалары арасында өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталды. 1884 жылдан бастап Британ аралдарында түңғыш рет ресми халықаралық турнир өткізілді, оған Англия, Шотландия, Уэльс пен Ирландия футболшылары қатысты (бұл турнирлер қазіргі кезде де жыл сайын өткізіледі). 19 ғасырдың басында футбол Еуропа мен Латын Америкасында тез кеңінен тарала бастады. 1904 жылы Бельгия, Дания, Нидерландия мен Швейцарияныц бастамасымен Футбол ассо- циацияларының халықаралық федерациясы қүрылды (ФИФА). ФИФА- мен қатар 1954 жылдан бастап Футбол ассоциацияларыньщ Еуропа- лық одағы - УЕФА жұмыс істей бастады. ФИФА-ның өз жарғысы бар, ХОК мойындап, Халықаралық спорт федерацияларының бас ассоциа- циясының (ХСФБА) мүшесі болып табылады. 1930 жылдан бастап эр 4 жыл сайын Футболдан элем чемпионаты, ал 1958 жылдан бастап Еуропа чемпионаты өткізіледі. УЕФА жетекшілігімен ойналатын жарыстар: Еуропа чемпионаттарының Кубогі (1956 жылдан), Кубок иегерлерінің Кубогі (1961 жылдан), УЕФА Кубогі (1958 ж.). Футбол 1900 жылдан бастап толыққанды олимпиадалық ойын түрі болды, Алаң ретінде ұзындығы 90-нан 120 м-ге дейін, ені 45-тен 90 м-ге дейін болатын тікбүрышты орын алынады, халықаралық ойындар үшін алаң үзындығы 100-110 м, ені 64-75 м болуы тиіс. Алаңның беті 6
сызықтармен белгіленеді. Қақпа сызығында қақпа орнатылады, олардың тік бағандарының арақашықтығы бір-бірінен 7 м 32 см, ал көлденең көлбеу жерден 2 м 44 см болады. Қақпаның артқы жағына арқанды торлар бекітіледі. Ойынды салмағы 396-453 г, аумағы 68-71 см доппен жүргізеді, ойынға 11 адамнан құралған екі команда қатысады, әр командада қақпашылар, қорғаушылар, шабуылшылар мен жартылай қорғаушылар болады. Ойын 90 минутқа созылады, 45 минуттан 2 тайм болады, олардың арасындағы үзіліс 15 минут. Балалар мен жасөспі- рімдер үшін ойын үзақтығы қысқарады. Ойын уақыты 10 минуттық үзіліспен екіге бөлінеді. Әр команданың міндеті қарсылас қақпасына мүмкіндігінше көп доп соғу (аяқпен немесе баспен үрып) болып саналады. Ойыншылардың допқа қол тигізуіне тиым салынады, тек қақпашы ғана допты қолымен ұстай алады (тек өзінің айып алаңында). Қақпаға салған доп саны көп команда жеңіске жетеді. Қазақтстандағы футбол 1913 жылдан бастау алады, осы жылы Семейде бірінші «Жарыс» футбол командасы қүрылды. Бүл команда қүрамында 16 жасар бозбала ойнады, ол кейіннен бүкіл әлемге танымал болған Мүхтар Омарханұлы Әуезов болатын. 20 ғ. 20-30 жылдары қалаларда, ауылдар мен селоларда футбол ұжымдары қүрылды. Бірақ олар бүкілодақтық аренаға 30 жылдардың соңынан бастап шыға бастады, онда алматылық «Динамо» жарқын және өзін- дік ойын көрсетті. 1946 жылы алматылықтар Орта Азия Республика- лары мен Қазақстанның футбол үжымдарының финалдық жарыста- рында 3-орын алып, «Б» тобы бойынша КСРО Чемпионатына қаты- суға жолдама алды. Олардың бүл ойыны толық табысты болды. 1947 және 1949 жылы олар 2-орын, 1954 жылы 4-орын алды. 1958 жылы алматылықтарға қарағандылықтар, бір жылдан кейін шымкенттіктер қосылды. Алматы «Б» тобында эр жылдарда «Динамо», «Локомотив», «Урожай» және 1957 жылы «Қайрат» командасын танытты. Бұған коса, 20 ғ. 60 жылдарында «Б» тобында «Спартак», одан кейін АДК ойнады. 1960 жылы Қазақстан бірінші рет күшті команда ретінде танылып, «Қайрат» командасы КСРО чемпионатында «А» тобында қатысты. Осы кезде «Б» тобында Қарағандының «Шахтері», Шымкенттің алғашында «Еңбегі», кейіннен «Металлург» командасы, Өскеменнің «Восток», Жамбылдың «Металлист», т.б. командалары өз даму жолын бастады. 2002 жылы ҚФО-ы АФФК-нан УЕФА-ға өтті. 7
1.1. Футболшының дене дайындығы Футбол ойынының мазмүнының әртүрлілігі жаттығушының барлық ағза жүйесінің және дене сапасының негізгі кешенді дамуын талап етеді. Ал, бүл дене дайындығын түрлі бағытта дамыту про- цесінде жүзеге асады, сонымен қатар футбол үшін арнайы сапаны дамытуға назар аударылады. Бастауыш футболшылардың дамуы дене сапасының және түрлі ептіліктері олардың жан-жақты дайындығына эсер етеді. Сонымен қатар техникалық жэне тактикалық дайын- дығының дэрежесін жоғарылатады. Табиғи дайындықты болашақ спортсмендер тәртіп бойынша тұрақты психикамен жэне кернеулі қабілетке ие. Оларда өз күшіне деген үлкен сенімділік ісіне беріктілік пайда болады. Жоғары функциональды мүмкіндік, оларға қажығандықты болдырмауға, эффекті жүйеде тиімділікті сақтауға жэне осы негізде тактикалық қимылдардың оңшылдығын иеленуге мүмкіндік береді. Дене дайындығы жалпы жэне арнайы болып бөлінеді. Жаты дене дайындыгы - бастауыш футболшының дене дайын- дық физикалық дамуымен жан-жақты дайындығының толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Ол негізгі физикалық сапалардың дамуына бағытталған және өмірде қажетті ептілік әрекеттерін үсынады. Жалпы дене дайындығының мақсаты - жаттығушының эрекет дайындығын жақсарту, арнайы дайындықтың фундаментін қалау. Дене дайындығы дамуының сапасы ретінде жалпы дене жаттығу- ларын жасау жэне спорттың басқа түрлерінің жаттығуларын жасау үсынылады. Жаттығудың мүндай әртүрлілігі бастауыш футбол- шының қимыл-эрекетінің кеңеюіне бағытталған. Бүл жағдайды түрлі сапалар мен дағдылардың, эсерлердің заңдылықтарын үғыну керек. Олар қалыпты, қалыпсыз немесе нейтралды болуы мүмкін. Мысалы: жаттығушының күшінің үлғаюымен шыдамдығы үлғаяды, қозғалыс кардиниясы, соққының дэлдігі жақсарады. Қалыпты тасымал негізгі ойындық дағдыларды қабылдау қүрылымын бүлшықет жұмыстары- ның режимін қамтамасыз етеді. Жалпы дене дайындығы өзінің мақсатына, жаттығушы тұрақты және үздіксіз жаттыққанда ғана жетеді. Ол футболшыларды дайын- дау кезеңінің барлық оқу-жаттығу сабақтарының міндетті қүры8
лымды бөлігі ретінде қарастырылады. Әрине жалпы дене дайын- дығы бастапқы этаптарда көпжылдық дайындықты орын алады. Спорт шеберлігінің дәрежесі (ұлғаю) және жас үлғаюмен оның үлесі азайып және керісінше арнайы дайындық үлесі үлғаяды. Арнайы дене дайындыгы - бүл айналысушыньщ дене сапаларын және функционалды мүмкіндіктерін дамыту мақсатында бағыттал- ған футбол спецификацияларымен сәйкес келтіретін және жоғары спорт көрсеткішіне жетуді қамтамасыз ететін процес. Арнайы дене дайындығы ойынның техникалық тәсілдерін иге- руге, айналысушыньщ тактикалық шеберлігін жоғарылатуға, оның спорттық форманы игеруіне, сонымен қатар психикалық дайынды- ғын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Оның негізгі мақсаты - күшті, жылдамдықты, ептілікті, шыдандылықты, икемділікті өзара байла- ныстырып және біріктіріп барынша дамыту. Бүл есептерді шешу үшін футбол ойындарына мінезделген күштену, үйлестік қозғалыс ырғагы мен шапшаңдығының арнайы дайындық жаттығуларын пайдалану үсынылады. Бүл үшін бәрінен бүрын техника тактикалық жаттығулар, спорттық және қимылдың ойындар, футбол ойындары, спорттық басқа түрлерінің жаттығулар сай, дәл келеді. Арнайы дене дайындығы жалпы қозгалыс дайын- дығына жинақталады. Оның міндетін шешу үшін айналысушы жалпы дамытудың анықталған деңгейіне жеткенде ғана өту үсынылады. Футболшы ептілігі, өзгермелі ойын талаптарының қозғалыс әрекеттерін жылдам әрі әдемі орындау қабілеттілігімен байқалады. Шын мәнінде епті ойыншы құлықтың толық сарқылмасын немесе қандай-да бір өзге және бөлек айлакерлікті орындай алады және қиындау жағдайда гол соға алады. Дәл осы ептілік жоғары спорт шеберлігінің айырмашылық шеберлігі болып табылады. Ептілікті дамыту үшін жастайынан бастап жұмыс істеу керек. Себебі бүл сапа өте жай дамиды. Балаларда ептілік көрсеткіштері мектеп кезеңі бойында көбею тенденциясын иеленеді, ал оның қүрылу процесі шамамен 14 жаста аяқталады. Мүнымен қоса ептілікті дамытудағы айтарлықтай өсу жаттығу жүктемесінің көбеюіне қарай 8-ден - 9-ға, 11-ден - 12-ге дейінгі жас аралықтарында байқалады. Ептілікті дамыту жаттығуларын тың- даудағы негізгі принцип мүмкіндігінше әртүрлілікті таңдау жатты- 9
ғуда жақсы жатталған гимнастикалық және акробатикалык жат- тығуларды, жүріс пен жүгірісті әртүрлі үйлесімде алмастыру, күт- пеген жерден жағдайы ауысатын қозғалыс ойындарын, ойынның техникасы мен тактикасына жаттығулар қолданған пайдалы. Бұларды сабақтың басында орындаған тиімді. Икемділік - бұл үлкен амплитудалық қозғалысты орындау және бүлшықеггердің қимыл қабілеттілігі, тіректердің қимылдағыш- тығы. Футбол матчарының бірнеше сәттерін есіңізге түсіріңіз. Мысалы; қорғаушы мен күреске түсуші жоғары секіріп және жақсы қозғалыспен бас арқылы допты карсыласының торына дәл бағыт- тайды. Шынында да керемет емес пе. Ол бүл қимылды жақсы орындаған себебі жақсы икемділікке, иілгіштік қасиетіне ие. Осы дене сапасы жөнінде бірнеше мэліметтер. Иілгіштіктің даму акти- визациясы әдетте 9-дан 11, 14 тен 16 жасқа дейін байқалады. Өсу барысында тиімді жас периодтары ретінде 9-10, 10-11 және 14-15 жас болады. Икемділік ептіліктің, жылдамдықтың және күштілікке елеулі эсер етеді. Икемділік дәрежесі тірек формасына бұлшық еттер байланысының соғылмалылығына және бүлшық еттер тону- сына тәуелді. Икемділікке арналған жаттығуларды әр жаттығу сабақтарында орындау керек. Бүл жағдайда шектен тыс күш түсіру бұлшықеттер- дің зақымдануына әкеп соқтырмаған жөн. Сондықтан икемділікке арналған жаттығуларды орындалмас бүрын жалпы дамытушы жат- тығулар жасау арқылы бұлшық еттерді қыздырып алған дүрыс. Икемділік жаттығуларын жасау барысында демалу үзілістерін үмытпау керек. Бұл үзілістерде босаңсу жаттығуларын да орындау қажет. Жылдамдык, (тездік) - бүл іс-әрекетті өте жылдам, тез орындау қабілеті. Аталған қабілет тактикалық ойлаудың тездігімен, техни- калық қабылдауларды орындау тездігімен, ойыншы қимылының тездігімен сипатталады. Әрекет тездігі әрбір ойыншының, сонымен қатар бүкіл команданың табыстылығына ықпал етеді. Бұл түсінікті нәрсе, себебі, футбол біртіндеп жылдамдықты арттырады, ал әрбір ойыншы осы қабілетті өзінде дамыту қажет. Бастауыш футболшылар бүл қабілеттің тек жастық шақта болатындығын және тек жастық шақта ғана дамыта алатындығын 10
айта кеткіміз келеді. Мамандардың айтуы бойынша бұл консерва- тивтілік сапасы болып табылады. сонымен қатар жылдамдықтың дамуы жас ерекшелігімен байланысты екен. 7-12 жастағыларда қозғалыс тездігі өте жоғары дәрежеде дамиды. 14-15 жастарда қозғалыс түрлі болады, ал 15 жастан кейін тұрақтылық тенденциясы байқалады. Жылдамды, күштілік, икемділік, төзімділік сияқты физикалық қабілеттермен тығыз байланысты. Жылдамдың комплексінің көрсет- кішіне мыналар кіреді: стартты жылдамдық, жүгіру тездігі ситуация кезінде бағалау жылдамдығы, тактикалық ойлау жылдамдығы. Жылдамдықты дамыту жаттығулары кезіндегі демалыс (үзіліс) 1-2 минут болуы керек. Жылдамдықты дамыту жаттығуларының негізгі әдісі ретінде 10-15 с ішінде орындалатын жаттығулар болып табылады. Бүл жаттығуларды дене қыздыру жаттығуынан соң дене қызып түрғанда бірден бастаған жөн. Егер бүлай жасамаса, жылдам қимылдың арқасында денеде ауырсыну пайда болуы мүмкін. Жылдамдықты дамыту үшін өте таныс жаттығулар алынады. Күш - бүл ойыншының бүлшық ет көнегімен сыртқы кедер- гілерге төтеп бере алу қабілеті. Футболшы үшін негізінен аяқ күш- терін дамыту қажет. Бірақ жаттығу барысында, аяқпен қатар, мойын иық, арқа, іш бүлшық еттерінің күштері дамуына назар аудару керек. Футболшы допты үруда қағуда үмтылыс жасауда кілт бү- рылуда қажетті күштерді игеруі керек. Күштің даму темпі негізінен кішкентай, және жасөспірім кез- дерде байқалады. 8 ден 9 жас, 10-11 жас және 14-15 жас. 8-11 жаста акробатикалық, гимнастикалық және секіру жаттығуларын орындау керек. 12-14 жастағылар үшін динамикалық жаттығуларды жасаған тиімді. 15-16 жастағылар үшін жаттығулар мөлшерін біртіндеп арттыра бастайды. Әрбір жаттығудан кейін, қысқаша демалу керек (20-30с). Үзілісте дем алу жаттығуларын жасау керек. Мойын бүлшык, еттерін дамытуга арналган жаттыгулар 1. Бастапқы қалыптан (түрып, немесе жатып және т.б.) басты иіп, айналдыра қозғалыс жасау. Дәл осылай, бірақ қолмен кедергі жасай 11
отырып жасау. Мысалы ішпен жатып, қолды бастың артына қойып басты артқа, содан соң, алға мойын бүлшық еттеріне кернеу түсіре отырып жаттығу жасау. 2. Әріптеспен бір біріне қарама-қарсы түрып, оның мойнынан ұстап, өзіне ию. Әріптесі бір аяғы алда, қарсылық жасауға ұмтылады. Содан соң рольдері алмасады. Иык және қол бүлиіъщ еттперін дамытуга арналган жаттыгулар 1. Тірекке тұрып және жатып еңкею және шалқаю. 2. Аяқтың көмегімен және аяқтың көмегінсіз жіп бойымен өрмелеу. 3. Әріптесімен бір-біріне қарама-қарсы тұрып таяқшаны екі қолымен ұстау. Әріптесімен бірге таяқшаны үстап бір-біріне қарсылық жасау. 4. Әріптесімен қарама-қарсы түру. Алақандарын беттестіріп, қолдарын еңкейтіп, шалқайып кедергіге қарсы туру. 5. Екі қолмен толтырылған допта лақтыру: төменге кеудеден, бастан асырып, арқадан, бас арқылы, алға еңкейіп аяқ арасынан. 6. Толтырылған допты қолға лақтыру. 7. Бір қолмен толтырылған допты лақтыру. Іш бұлшъщеттерін дамытуга арналган жаттыгулар 1. Тірек жағдайында отырып, аяқпен түзу қайшы жағдайына келтіру. 2. Арқамен жату. Әріптесін аяғына еденге қимылдамау үшін отырғызу, денені жаймен көтеру. 3. Гимнастика қабырғасына тартылып, аяқты барынша жоғары көтеріп, жаймен төмен түсіру. Кеуденің бұлшъщ еттерін дамытуга арналган жаттыгулар 1. Аяқты алшақ ұстап, қолды жоғары көтеріп, үш рет солға иілу, дәл осылай оңға. Әрбір бағыт үшін 6-8 жаттығу жасау керек. 2. Тізерлеп түрып, қолды жоғары көтеру, кеудені айналмалы козғалысқа келтіру: оңға, солға. әрбір бағыт үшін 6-8 рет жасау. Жаттығуды кішігірім гантель арқылы да жасауға болады. 12
Мойынның артына толтырылған доп, қойып, қолмен қысып, кеудені оңға солға ию. 4. Әріптесімен арқа арқылы тиіп тұрып, қолды жоғары көтеру. Қолдарымен үстасып солға иілу, бастапқы қалыпқа келу. Дәл осылай оңға. Әрбір бағыт үшін 5-7 рет жасау. Лрка бұлшьщ еттерін дамыту жаттыгулары 1. Ішпен жатып, қолды жоғары көтеру. Қол мен аяқ бір мезгілде кездесетіндей етіп, артқа созу. Жаттығуды 6-8 рет жасау. 2. Ішпен жату, қол жоғары, аяқты тіреу, 5-7 рет үмтылыс жасау. 3. Тірек түрінде жатып, қолды түзу үстау, иілу. 5-8 рет жасау. Аяк булшъщ еттерін дамыту жаттыгулары 1. Орташа және жоғары жылдамдықпен тауға жүгіру. Тірек аяқтарының түзу болуына ерекше назар аудару керек. 2. Құмды шүңқырда немесе терең қар, суда жүгіру. 3. Жүмсақ грунт үстінде секіру, жүгіру. 4. Аяқты түзу үстап жүгіру. Тізе табан тіректерінің созылып, жиырылуы есебінен оң және сол аяқтарды кезекпен итеріп, жүгіру. 5. Бір аяқтап секіру. Аяқпен қуатты итерілу арқылы алға үмтылу. Бұл кезде жүгіргендегі сияқты қолдың да жүмыс жасауын қадағалау керек. Қапіықтық 15-30 м. 6. Белдің артқы бөлігіндегі бүлшық еттерді қатайту, жаттыгулары. Ішпен жатып, әріптес аяғын табан тірегі арқылы үстайды. Денені жаймен артқа иеді, жаймен басталуы қалыпқа келеді. 7. Белдің алдыңғы б.ет-н қатайту жаттығулары. Тізерлеп түрып, артқа қарай майысу, бас еденге тиюі керек, жаймен бастапқы жағ- дайға келу. 8. Бастапқы қалыптан үш тактілі серіппе отырып түру қимылын жасау, ал 4-ші тактіде бастапқы жағдайға келу. Жаттығуды 12-15 рет қайталау. 9. Бастапқы қалыпта түру, қолды арқаға үстау, отыру, түру. 10-12 рет қайталау. 10. Бір қалыпта туру кезекпен екі аяққа отыру 6-8 рет қайталау. 11. Отырып алға, артқа, жан-жаққа секіріс жасау. 13
12. Әріптесіңмен арқа арқылы қатар тұрып, барынша отыру, қолдары ұстасады. 6-8 рет қайталау. 13. Табанмен допты кысу және алға немесе жан-жақты секіру. 14. Арқамен жатып тізені кеудегі қою. Жоғарыдан лақтырыл- ған допты аяқпен тебу. 6-8 жаттығудан кейін әріптесіңмен орын ауыстыру. 15. Негізгі тұрыстан қашықтықпен ішіне құм салынған қап, доппен жүру. 16. Аяқпен допты тебу. 17. Аяқпен допты алысқа тебу (соққы беру). Төзімділік - бұл ағзаның ойын шарттарында үзақ уақыт физикалық жүмыс жасау қабілеттілігі. Төзімділік көбінесе тек қана ағзаның функциональді мүмкіндігімен ғана емес, сонымен қатар ойыншының рациональді техникасымен, оның еркіндік саласымен анықталады. Бүл физикалық сананың дамуы мектеп жасында басталады., 12- 13 жастажәне 15-16 жас аралығында төзімділіктің өсуі байқалады. Ал 16-17 жаста интенсивті түрде байқалады. Төзімділікті жаттығу жасаушы жаттығу кезінде ағзасы шар- шағанға дейінгі уақыт аралығында қалыптастыруға болады. Төзім- ділікті қалыптастырудың негізі болып бірқалыпты темпте жүгіру болып табылады, сонымен қатар велосипед тебу, жүзу. Футбол сапаны өте жақсы дамытады. Төзімділікті арттыру. Жаттығуларды жасау барысында пульсті есепке алып демалып отыру керек. Жүректің соғысы минутына 190- нан асып кетпеуі керек. Демалыс уақыты 30-80 метр қашықтыққа жүгіруде 1 минуттан 1,5 минутқа дейін, ал 150-200 метр қашықтықта 3-4 минут болуы керек. Аталған жаттығуларды жасау барысында қан айналымы жақсарып, ағза тынысы кеңейіп бүлшық еттер күші артатындығын және қозғалыс кординациясы жақсаратындығы есте ұстау керек. Доппен ойнау арқылы жасалатын жаттығуларды жасау ойын барысында ойын проблемаларын шешуге көмек береді. 14
1.2. Футболшының техникалық дайындығы Футболшылардың түрлі қозғалыстарының тәсілдері, әдістері жиынтығы техника үғымын қүрайды. Футбол ұғымындағы техника қозғалыстарды, аялдауды, қайырылуды, секіруді, допқа берілетін соққыны, допты тоқтатуды, ендіруді, финтті, допты алуды, сонымен қатар спецификалық-техникалық қабылдауларды ұсынады. Футболда ойыншының техникалық шеберлігі оның алаңдағы әріптесінің қар- сылығына төтеп беруді, техникалық қабылдауларды дұрьтс орындауы қабылдаулар мөлшерімен сипатталады. Қазіргі футболға ойын- шының техникалық дамуы, универсалдығы тән. Бұл бірінші кезекте барлық техникалық қабылдауларды меңгеруі және жоғары дең- гейде орындай алуы керек. Жоғары класты ойыншыларды дайындау үшін футболдың барлық техникалық арсеналын балалық шақтаи бастау қажет. Мүнда үйрету әдістері үл балалар мен қыз балалар үшін бірдей. Техникалық қабылдауларды оқыту практикада келесі түрде күрделенеді. Алдымен аяқпен допқа соққы беру және допты тоқ- татумен танысады. Осы қабылдауды жүзеге асырып, меңгерген- нен соң 3x3, 4x4, 5x5, 6x6 ойындарына қатысуға болады. Әрі қарай үйренілген қабылдаулар негізінде әртүрлі техникалық қабылдау- ларды үйренуге кіріседі. Техникалық қабылдауларды меңгермеген ойыншы футбол ойнауға жіберілмеуі керек. Алдымен, бар күшімен әдіс үйренуге кіріседі. Баспен соққы беруде әлсіз жел берілген допты қолдану керек. Оқытылып отырған техникалық қабылдаулардыц дүрыс орын- далуын қамтамасыз ету үшін, қозғалыстың әрбір деталін білу қажет. Табанмен допты тебуде соққы беретін аяқ табаны жанына бү- рылып түруы қажет. Табанның ішкі жағымен берілген соққы та- бысты болып табылады. Бүл соққылар күшті емес, бірақ дәлдігімен ерекшеленеді. Қабылдаулармен танысқаннан кейіи оны практикада жасап көрумен аяқталады. Техникалық қабылдаулар бірыңғай жинақы және дара әдістер көмегімен жүзеге асырылады. 15
Бірыңгай эдіс қабылдауларды оқытуда жетекші әдіс болып табылады. Ал оқытуда күрделі қабылдауларды үйретуде, мысалы, аяқпен допқа соққы беру, баспен соққы беру, ұшып келе жатқан допты қағу және қайтару т.б. қабылдауларды үйренуде дара әдістерді қолдану керек болады. Бүл жас футболшылар элементарлы қабыл- даулардан біртіндеп күрделене беретін қабылдауларды меңгеруіне септігін тигізеді. Дара әдістерді қабылдау негізінде қателіктер жіберілуі мүмкін. Бұл жағдайда әрбір қабылдаудың қимылдарын жеке-жеке үйрену қажет. Техникалық қабылдаулардың күрделілігін үйретуде алдымен орынында тұрып, сосын қимылмен, қарсыласпен пассивті, қарсы- ласпен активті түрде, соңында ойын алаңында жүргізіледі. Ойыншының қабылдауларды жүзеге асырып көруі уақытпен шектелмейді, әбден жатгығып болған соң, ойын алаңында сыннан өтеді. Техникалық қабылдауларды үйрету барысында жаттығушыиың бір уақытта тактикалық ептілігі де қалыптасады. Мүнда келесі тәуелділік орын алады. Ойыншының техникалық қабылдаулары түрлі болған сайын, оның тактикалық потенциалы да көп болады. Техникалық қабылдауларды бекіту жаттығулар мен қозғалыс- тарды ойын кезінде жасаумен жүзеге асырылады. Осыған байла- нысты басты назарда футболшыньщ ойын қимылдарына көңіл бөлу керек. Олардың үйренген техникалық қабылдауларды дүрыс жүзеге асыра білуі олардың ептілігін арттыра түседі, мысалы, бір қабылдау басқа да сапалардың артуына себепші болады. Секіріп баспен соққы беру, соққы беруді де сонымен қатар секіргіштікті де арттырады. Аяқпен допқа соққы беруді үйрету. Допқа аяқпен соққы беру футбол ойынының басты техникасы болып табылады. Орындау қабілетіне қарай ол соққылар ішкі табанмен, табан сыртымен, орта, ішкі және сыртқы т.б. болып бөлінеді. Қабылдауда жаттығу күші бар аяқпен бастау алады. Одан соң барып әлсіздеу аяққа көшеді. Бүл қабылдауды жаттығуда келесі әдісте есте сақтаған жөн: қимылсыз түрған допқа соққы беру, қадам басып, қимылды допқа соққы беру, жүгіріп келіп қимылсыз допқа, жүгіріп келіп қимылды допқа соққы беру. Бұл жағдайларда доп бағытының дүрыстығына назар аудару 16
керек. Сонымен қатар берген соққылардың техникалық қабылдау- ларға сәйкес келуін қамтамасыз ету керек. Қабылдауларды жүзеге асыруда соққының дәлдігі, сонан соң күші ескеріледі. Аякпен берілетін соқкылар. Допқа аяқпен соққы беру техникасын жүзеге асыруда алдымен табанның ішкі жағымен соққы беруден бастау тиімді. Өйткені, бүл ойында жиі қолданылады. Бұл қабылдау қысқа және орташа қашықтықтан допты беруді және жақын қашықтықтан қақпаға соғуда қолданылады. Былайша соққы беру оншалықты күшті болмағанмен, өте дәл болып келеді. Бүл соқ- қыны дүрыс орындау үшін тірек аяқты кішкене бүгіп, доптан 10-15 см және сәл иық түсына үстау керек. Тірек аяқтың үшы соққы берілетін бағытпен дәл келуі керек. Оку барысында: 1. Допсыз. Табанды 90° С-қа бүру арқылы аяқты алға сілку. Жаттығу қайталанады. 2. Қсібыргада. 5-6 м қашықтықта түрып, 20-25 соққыны жасау керек. 20-25 соққыны бір орында, онан соң 2-3 қадам жүгіріспен жасау керек. 3. Дәл соққы. Қабырға алдына 1 м ендікте қақпа қойылады. Доп қақпадан 1 м қашықтықта беріледі. Соққының дәлдігі басты назарда болады. 4. Дәл қагыс. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестер бір- бірінен 5-6 м қашықтықта түрып, бір-біріне допты соққы арқылы жіберіп отырады. Мұнда соққы оң және сол аяқтармен кезек беріледі. Бұл допты дүрыс қағып алуды жене соққы бағытын дүрыс жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 5. Колоннада. Жаттығушылардың біреуі колоннадан 6 м қашықтыққа барып тұрады. Сигнал арқылы ол допты колоннаға бас арқылы бағыттайды. Ол допты кері қайтарып, колонна соңына барып тұрады. Осылайша барлық колонна допты қайтарып болған соң орын алмасады. 6. Шеңбердегі доп. Алаңда 18-20 м диаметрлі шеңбер сызылады. Ойыншылардың біреуі шеңбер ішінде түрады. Басқалары шеңбер артында бір-бірден орнығады. Ортадағы ойыншы олардың әрқай- сысына допты кезекпен беріп отырады. 15-20 доп бергеннен кейін орын алмасады.
atu.kzRkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==