Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
ч Қорытынды □ 231 ҚОРЫТЫНДЫ Уйымдастырушылық мінез-қүлық басқару тәжірибесінің мәселелеріне жауап беретін көптеген тәсілдемелері мен мек- тептері бар ғылым ғана емес, сонымен қатар бұдан әрі жетілуге бағытталған дамушы ғылым екендігін көрсетіп отыр. Уйымдастырушылық мінез-құлық ғылымы кез-келген деңгейдегі басшы үшін шаруашылық ұйымдардағы адамдардың мінез құлқының факторлары мен себептерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және соның негізінде үйымның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, үйымды басқару тиімділігін арттырады. Заманауи менеджмент икемділікті, ұтқырлыкды, оңтай- лылықты қарастырады. Осы орайда үйымды басқарудағы ба- сты міндет - менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі қажет. Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің көрсе- гуінше, ұйымдытиімді басқарудағы жетістіктің 85%-і менеджердің әріптестерімен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басының қасиетімен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты екен. Ай-Би-Эм компаниясының негізін қалаушылардың бірі Томас Дж.Уатсон: «Адамдарды іскерлік белсенділікке оқытуда компа ния шамадан тыс асып кетеді деген мағынада, білімде де қанағатқа жету мүмкін емес» десе, философ Альфрес Ноф Уайтход дәл сол ойды былайша түжырымдады: «Қазіргі өмір жағдайында мына ереже маңызды орын алады: білім мен интеллектіні бағаламайтын нәсіл дамымайды. Бүгінгі таңда біз өзіміздің тіршілік етуімізді қамтамасыз ете аламыз. Ал ертең ғылым тағы бір адым алға жыл- жиды және соған ілесе алмаған адам ойыннан шығады...». Гарвард университетінің профессоры Уильэм Джеймс «ор- таша адам өзінің жасырын ақыл-ой қабілеттерінің 10%-н ғана дамытады» деп түжырымдады. «Егер ол шын ниетімен жүмыс уақытының әр сағатында еңбектенетін болса, ол ақырғы нәтиже туралы еш күмәнданбауы керек. Ол бір таңғажайып таңда, қай
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==