Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

'Ч 9-тарау. Халықаралық бизнсстегі ұйымдастырушылық... □ 219 болса да, бағдарлауға келетін бірнеше маңызды айнымалылар- ды таңдау; және екіншіден, фирма аясында менеджерлік мінез- құлықты айқындайтын микроэкономикалық аспектілерді ескеру. Көптеген зертдеушілер Еуропадағы әртүрліліктің бөлігі бо- лып қалған және қалатын менеджменттің әртүрлі үлгілері мен жүйелері жайлы айтқанды қалайды. Әр елдің үлттық ерскшеліктеріне қайшы келмейтін жаңа еуропалық бірегейліктің, еуропалық сананың қалыптасуы, жалпы мәдени құндылықтардың жылжуы өзекті мәселе бола бастаганына қарамастан, Еуропадағы мәдениетгің әртүрлілігі факт болып қалады және болашақта да экономикалық интеграция үрдісіндегі мәдени конвергенцияны күтудің қажеті жоқ сияқты. Хофстеденің параметрлері әр түрлі мәдениетке тән үйымдық үлгілерді суреттеуге мүмкіндік береді (35-сурет). Францияда ұйым «адамдардың пирамидасын» (қалыптасқан және орталықтанған) үсынады. Германияда ұйым «боялған машинаны» (қалыптасқан, бірақ орталықтанбаған) еске түсіреді. Англияда басқару мәдениеті «ауылдық нарық» (қалыптаспаған, орталықтанбаған) иерархияда, рөлдердің бөлінуі де белгілі бір рөлді ойнамайды, қүрылым нақты жағдайдың талабы бойынша қалыптасатын үлгі анықтамасына ке- леді. Г.Хофстеденің екі параметрдің интеграциясы билік арақатынасы мен белгісіздіктен қашу-үйымдық мәдениеттің төрт үлгісін бөліп көрсетеді, яғни: • «ауыл нарығы» - темен биліктің арақашықтығы мен бел- гісіздіктен қашудың темен дәрежесі; • «боялған машина» - темен биліктің арақашықтығы мен бел- гісіздіктен қашудың жоғарғы дәрежесі; • «отбасы» - жоғарғы биліктің арақашықтығы мен белгісіздік- тен қашудың темен дәрежесі; • «адамдар пирамидасы»-жоғарғы биліктің арақашықтығы мен белгісіздіктен қашудың жоғарғы дәрежесі;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==