Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

9-тарау. Халықаралық бизнестегі ұйымдастырушылық... □ 217 Ч 3. Реактивті мәдениет - бүл мәдениет типіне сай сипаттама сыпайлыққа, тыңдай білуге айрықша көңіл бөледі. (жапондықтар, қытайлықтар). Әр түрлі елдердің мәдениетіне сай адамдар әлеуметтік шынайылықты әртүрлі қабылдайды. Американдық менеджерлер- дің пайымдауынша, ұйым қызметі олардың әрекеттеріне тікелей байланысты болады. Осы орайдаДж. Диксон еңбек қатынастарына байланысты көзқарасты 5-ке бөледі: 1. Еңбек этикасы 2. ¥йым тұрғысынан көзқарас 3. Маркистік көзқарастар 4. Гуманистік көзқарастар 5. Гедонистік көзқарастар Сонымен қатар тәжірибеде Т.Н. Глэдвин және В.Терпстр үлгісі халықаралық бизнес әрекет ететін ортаны сипаттау үшін қолданылады (34-сурет). Бұл үлгіге сай мәдениет 8 өзара әрекет етуші және өзара байланысқан блоктармен үсынылған: 34-сурет - Халықаралық бизнссті қоршаған мәдени орта құрылымы Әрбір блоктың құрылымдылығы дамыған елдердегі инвестор- ларды ақпараттандыру ерекшеліктерін сипаттау үшін әдістемелік негіз ретінде алынды. Бүл тәсілдің жетісітігі сол, әртүрлі елдердегі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==