Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
214 □ Үйымдастырушылық мінсз-кұлық Заманауи салыстырмалы зерттеу басқалардың қателіктерін қайталамауға, ұйымның әмбебап қасиеттерін оның институт- ционалды-мәдени ерекшеліктерін бөліп көруге көмектеседі. Мұндай зерттеулерге алдыңғы қатарлы басқару тәжірибелерін үйреніп жатқан қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар сияқты, Қазақстан да өздерінің еншілес кәсіпорындарын ашып жатқан ше- тел компаниялары да мұқтаждық екенін танытуда. 9.2 Мәдениет үлгілері Халықаралық бизнесте ұйымдастырушылық мінез-құлық аясында жинақталған тәжірибе мен эмпирикалық зсрттеу- лер мәдени аспектіні ескерудің маңызды екенін көрсетті. Осы тұрғыда аталмыш саладағы зерттеулерге ықпалын тигізуші мәдениетті зерттеуге қатысты негізгі тұжырымдарды қарастыру қажеттілігі туындайды. Тәжірибеде мәдениеттің көптеген үлгілері бар. Сәйкесінше мәдениетке қатысты анықтамалар да көп. Десек те, біз үшін келесі анықтамалар маңызды. Бірінші анықтамаға сәйкес, мэдениет дегеніміз — бүл қандай-да бір халыққа (адамдар тобына) тэн ө.иір сүру жане қоршагаи ортаны қабылдау жүйесі. Бүл анықтама адам өмірінің барлық жақтарын қамтиды. Үйымдастырушылық мінез-құлық түрғысынан осы ұғымға әдетте материалдық мәдениетке қатысты, соның ішінде технологиялардың кірістірілуі маңызды болып табылады. Екінші бір жағдайда, әлдеқайда қысқа әрі нүсқа анықтама берілген: мәдениет бүл - қоғамдық нормалар мен құндылық- тарының жиынтығы. Бұл жағдайда материалдық нысандар қандай да бір мәдениеттің белгісі немесе қоршаған ортасы ретін- де қызығушылық танытады. Мәдениеттің мұндай түсінігін қазіргі таңда зерттеушілердің басым көпшілігі қолданады. Бүл орайда мәдениет көзге көрінбейтін және өлшенбейтін, бірақ адамдардың мінез-қүлқын қалыптастырушы сипатта болады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==