Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

X 9-тарау. Халықаралық бизнсстегі ұйымдастырушылық... □ 213 әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі пікірлесушінің мінез-күлқын білген дұрыс. Бағыныштыға қатысты басшыға тән мінез-қүлық стилінің екі түрі болуы мүмкін: 1. Түсіндірмелері болатын директивалық нүсқаудың негізінде; 2. Шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру, Мінез-құлықтың тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін арттырудағы күзыреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады. Мысалы, Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез- күлқын анықтайтын мамандардың төрт тобы бөліп көрсетіледі: 1. Еңбек нәтижесіне қүзыретті және мүддслі емес (мінез- құлықтың директивалық-ықыластандырғыш түрін пайдаланады); 2. Еңбек нәтижесіне құзыретті болмаса да, мүдделілік таны- тады (әдетте жас маман тұрақты басшылықты қажет етеді); 3. Құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін қүру қажет); 4. Қүзыретті және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын білдіреді). Сол сияқты, мысалы, Қытайлық ұйымдастырушылық мінез- құлықтың бірден-бір ерекшелігі guanxi (гуаньси) болыіі табылады, ол «жақсы қатынастар» дегенді білдіреді. Оңтүсгік-Шығыс Ази- яда іскерлік қатынастары бар көптеген бизнесмендер бизнестің сәттілігі үшін «кімді білетінің нені білетініңе қарағанда, аса маңыздырақ» екендігімен келіседі. Басқаша айтқанда, қажетті адамдармен және шенеуніктермен байланыста болу «дүрыс» тауарға және/немесе бағаға қарағанда, анағұрлым маңызды. Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл - менеджердің ең жауап- ты әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін оғаи (қызметкерге) алгыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны ецбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар үжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесу өнеріне де үйретуі керек.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==