Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
206 □ Ұйымдастырушылық мінез-құлық X Б. Леви мен Д. Вилсонның ойынша, көшбасшылыққа психо- логиялықжолмендайындалу керек. Ұйымбасшылығыныңалдынан шығатын кез келген мәселелерді шешу, алға қойған мақсаттарға жету үшін үмтылыс пен қызметкерлердің құлшыныстарын артты- ру жолында көшбасшы білікті маман ғана емес, сонымен қатар аса көрнекті психолог та болғаны дүрыс, ал психолог - адам жаны мен оның айтар ойын терең түсінетін тұлға екендігі белгілі. Қоршаған ортаның көшбасшылық пен оның ерекшелігі- не шығарылатын қорытындының еш әсері болмайтындығын жоғарыдағы ғалымдар дәлелдеген болатын. Керек кезде түрлі қорытындылар мен талдауларды алудың кәсіпкер өмірі үшін алар орны ерекше. Д. Э. Зандтың ұсынысы бойынша, көшбасшы өз бойынан мына негізгі деген үш қасиетті таба білуі керек. Олар: білім, сенім және билік. Осы үш қасиетті қолдана білген басшы жетістікке жеткіш болғанымен, онша белгілі әрі данқты болмауы да мүмкін екендігін естен шығармау керек. Қиындыққа кездескен жағдайда көсбасшы басымдылықты осы үш қасиеттің қайсысына берерін анық білгені жөн. Білім, сенім, биліктің арасында тартыс-таластың тумағаны абзал екендігін ескеріп отыру керек. Көшбасшы теориясының шектен тыс бейберекеттілігін төмендету шараларының бірі - мінез-құлық пен іс-әрекетінің мейлінше, маңызды әрі нақты түріне назардың шоғырлануы, мы- салы, көшбасшылықтың негізгі белгілері сияқты өкілділікті та- быстау немесе шешімді қабылдаудың бөліну немесе Д.Э.Зандтың көшбасшылығының мынадай басты: білім, сенім және билік сияқгы талаптарының жинақталуы. Дегенмен де, көсбасшылық қабілет әр адамның ішкі дүниесінде орын тебері шындық. Қорьгга келе, көшбасшылықты кеңінен игерген дүрыс. Егер санада білім болмаса, оның мамандыққа ынталандырылуын меңгермесе, көшбасшылықты меңгеру де қиындыққа түсетін болады. ¥йым көсбасшылығы әлі де өзіндік жетілдірулерге мүқтаж екендігі әркімге аян.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==