Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

202 J Үйымдастырушылык мінез-құлық X — бағыныштылардың ынта-ықыласы пайда болу себебі мен ынталандыру (мәселелердің оңтайлы шешілуі мен ұйымдағы үрдістердің жақсаруы және жаңашыл ойлардың алға жылжуы); — бағыныштылардың еркін әрекеті (ұйымың әрбір мүшесімен орыпдалатын тапсырмалар жиынтығы және лауазымдық міндеттерді сипаттайтын басқарушылық көшбасшысы түсінігі негізінде); — белсенділіктің әр түрлі формасындагы бағьтныштылардың барынша қарқынды түрде қатысуына назарын аудару (шешім қабылдау, жобаларга қатысу, т.с.с.). Дегенмен, жүмысшы ұсыныстары тапсырмаларды орын- дау әдістеріне, міндеттерді бөліп тарату мен қорытындысын жинақдауға, ұйымдағы үрдістің өзекті мәселелеріне тікелей бай- ланысты болады. Егер ұйым көшбасшысы жұмысшының ұсынысына құлақ ас- паса, олардың ойлары мен ескеріулерін қарастырмаса, онда жалпы үйым қайта қүру тиімділігін жогарылату мүмкіндігін жогалтады, менеджмент мәртебесі мен әсерін қүртады, ал үйымның міндет- терін шешуге тікелей қатысуы және қарапайым жұмысшылардың құлшыныстары төмендейді. Бағыныштылармен орындалган жүмыс топта және жеке мін- деттерін орындау өкілеттілігі мен олардың жауапкершілігінің ба- ламалы деңгейін болжайды. Бағыныштылар өздерінің лауазымды міндеттері мен тапсырмаларын орындауда өзін-өзі билеуді жақсы білуі шарт. Мысалы, өзгертулер болған жағдайда одақтастық және командалық жүмыстың дамуы үшін арнайы өзін-өзі басқаруға қабілетті нағыз мамандарды сайлау дүрыс. Өкілеттілікті табыстаудыц мәселелері Үйым әрекетінің нәтижелілігінде персоналдың белсен- ді және түрақты қатысуы жетекпіі қызметкерлерімен болатын командалық жүмыстағы дағдылардың пайда болуымен, барлық жүмысшылардың әкімшілік-іскерлік сапалық қасиеттерінің, жағымды әрі ашық коммуникацияның дамуымен өте тығыз бай- ланысты.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==