Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
194 □ Үйымдастырушылық мінсз-құлық X Дж.Моутон үлгілерінде көшбасшылықтың бес стилін көрсетті. Олар: принципті басқару, басқарудың бірігуі, топтық басқару, билік - бағынушы принципімен басқару, ұйымдық басқару. Үйымдық басқару тиімділіктің екі бір-біріне қарама-қарсы бола- тын белгілерінің үйлесімді болуын сипаттайды. 3) Көшбасшылықтыц жағдайлық теориясы Көшбасшылықтың жағдайлық теориясы жағдай әдіснамасын қолданумен тығыз байланысты. Ол көшбасшылықтың бір ғана стилін анықтауда және көшбасшы әрекеті мен мақсаттарын шешу үшін болатын жағдайлар жиынтығын қарастыруда негізделеді. XX ғ. 50 ж. соңында А.Бевелас ұйымда көшбасшылықты меңгеруде қалыптасқан негізгі жағдайға қадам жасау ол көшбасшының үйымды танып-білуі жайлы тезисті алғатартты. Ол: - ұйымдастырылған қүрылымдар арасындағы ұқсастық дәл берілген жағдайда оның қызметін атқаратын көшбасшының сапалық қасиеттерінің жиынтығын тұжырымдайды; - кез келген ұйымдастырылған құрылымның бірегейлігі көшбасшы мінез-қүлқына әсерін тигізетін жағдайлық фак- торларды ескеруді талап етеді; - жағдайлар өзгерген кезде көшбасшының қандай жеке қасиеттері орнықты болатынын анықтау мүмкін емес. Ф.Фидлер ұйымдағы көшбасшылықты меңгерудегі тағы бір басқаша жағдайлық тәсілді ұсынды. Яғни, кейіннен «Фидлердің ықтималдық теориясы» атауына ие болған көшбасшылықтың бірінші толықтырылған жағдайлық теориясы. Ол ауыспалы түрде қалыптасатын мынадай жағдайларды көрсетеді: - көшбасшының қызметтік жағдайының қыр-сыры; - орындайтын тапсырма сипаттамасы (тапсырманың қүры- лымдау деңгейі); көшбасшы мен бағынатындар арасындағы болатын қарым-қатынас. Ф.Фидлер көрсетілген екі ауыспалы жағдай негізінде әр көшбасшы үйлесімді стилін анықтап тексеру үшін ойластырылған сегіз түрлі матрицаны (қалыптама) үсынды. Үшінші ауыспа лы жағдай негізінде олар: адамгершілікті қатынасты қолдауға бағьпталған және берілген міндеттердің орындалуы болып екі
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==