Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

192 □ Үйымдастырушылық мінез-күлык X олардың жүрегіне жылылық пен қуаныш сыйлайтынын, және адамдар нағыз көнгіштік кейіпін танытатынын айқындаған. Көшбасшылық жайлы пікіргаластар әлі жалғасын табуда, басымдықтар жағдайлық факторларға тәуелді болады. Көшбасшылықтың классикалық зерттеулері билік пен окілеттілікте қолданылатын мәселелерді қарастырудан басталғаны барлығымызға белгілі (Макиавеллидің «Князь» еңбегін талдау). Макиавелли ең алғаш саясатты оның нақты қандай болуын емес, оның нағыз өмірде қандай болу керегін, сонымен қатар діни догматикалық және метафизикалық жағдайлардан тыс орында- луын бейнелеген. Автор бағынушы мен басқарушы арасындағы белгілі мерзімде қауіп төнген кезде орындалатын жұмбақ байла- ныс бар екенін атап өтті. Жеке тұлға құқығы мен әділеттілігіндегі биліктің қалыптасуын іздестіретін саяси оқуларда биліктің бірін- ші рет шынайы өмір сүретінін, қорқыныштан қорғану стратегиясы жасалған Макиавелли еңбектерін сипаттауға болар еді. Еуропалық ой адамның өзін-өзі танытуда биліктің ащы шындықтарын көрсету арқылы ілгерілеп келеді. Әдетте, арнаулы әдебиеттерде көшбасшылық феиоменін зертгеуде үш тәсіл қарастырылады: жеке бастың ерекшелігі те- ориясы; көшбасшылықты зерттеудегі мінез-қүлықтық тәсіл; көшбасшылықтың жағдайлық теориясы. 1) Жеке бастың срскшелік теориясы Жеке бастың ерекшелігі теориясы (кейде «үлы адамдар» теориясы) XX ғ. 40 жылдарында қалыптасқан. Барлық табыс- ты басқарушылар ерекше бір әмбебап, жеке дара қасиеттермен басқалардан ерекшеленеді. Осы адамгершілік қасиеттер классикалық, адамгершілік қарым-қатыныс мектеп өкілдерінің еңбектерінде қарастырылуда. (А.Файоль, М.Фоллет). Мысалы, А.Файоль жоғарғы деңгейдегі әкімші мықты денсаулық, моральдық және ерік-жігер дағдылармен, жалпы ой- өріс, адамдармен жүмыс жасай білу, жоспарлау мен бақылауға қабілеттілігі, біліктілік, т.б. сапалық қасиеттерге ие болуы қажетті деп санаған. ¥йым көшбасшылығындағы бұндай көзқарастың дамуы адамдардың нақты мақсатқа қол жеткізу әсері мен көшбасшылықты

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==