Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
ч 1-тарау. Үйымдастырушылық мінез-құлық негіздері □ 191 ҰЙЫМДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ 8.1 Кошбасшылықтыц пайда болуы жәие классикалық зерттеулер Көшбасшылық- шаруашылықтық, әскери немесе саяси сияқты белгілі бір сипаттамада болса да, әр түрлі жағдайларда бір ғана мағына беріп қоймайды. Бұл жерде кошбасшының көпқырлылығы, оның талдауына әр түрлі тәсілдердің болуы негізделеді. Яғни, осымен көшбасшылықтың көп салалы екенін, сараптамалардың жол табуы және де оның өз атауындағы көшбасшылықтың жүмбақ фсноменін түсіндеруге болады. Көшбасшылық жайлы пікірталасқа екі мың жылдай уақыт кетті. Ежелгі Қытайда Конфуция дәуірінің кезінде әртүрлі пікір- таластар орын алған, яғни көшбасшы болу үшін билік, басқару өнері және занды білу керек деген пікірлер болған. Сюнь-цзы (қытайлық конфуциандық мектеп ойшылы) оқушысы Хань-Фей- цзы егер де әмірші басқару өнерін білмесе, онда жоғарыдағылар оны төмендетіп адасу жолына салады және де қол астындағы кеңесшілер жасанды бейне жасайды, Хань-Фейцзы басқару өнерін иеленбегендерге: «Жиіркеніштілік пен құштарлықты тастаңдар, сол кезде кеңесшілердің нағыз бетпердесі көрінеді. Өте білімдарлық пен бос қиялдықты датастацдар. сол кезде кеңесшілер ыждағатты болады.», - деген екен. Б.э.д. III ғасырда басқару өнерін былай бағалағап: тағайындалган адал және екіжүзді іпенеуніктерді бөліп, заң бойынша олардың қабілеттерін және басқару жолындағы жетістіктерін тексеру болған. Конфуция кезіндегі ежелгі Қытай фәлсәфашылары адамдарды күшпен бағындыру оның жүрегінің бағынуына көмектеспейді, яғни адамдар піамасының жетпеуінің әсерінен бағынышты болады, адамдарды ізгілікті бағындыру
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==