Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
18 □ Үйымдастырушылық мінез-қүльгқ X Басқарудың мақсаты - кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдала- на отырып, алға қойылған нәтижеге қол жеткізу. Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары төмендегідей: - Басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық біліммен іскерлікті,тәжірибені ұштастыра білу; - Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу бары- сы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінён тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі; - еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне оты рып басқару персоналының жіктелінуі; - Басқаруды шоғырландыру - мақсатты орындауға қолда- нылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру; - Басқаруды орталықтандыру - қазіргі кездегі өндірісгік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинакгалуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнық- тырылуы. - Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы - проблемалар- ды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі; - Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралдық, этикалық қүқыктық нормаларды кең қолдану. Қазіргі кезде менеджерлерге қойылатын талаптар: - өзіне сенімділік және өзін-өзі меңгере білу; - жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру; - бастамаларды іздестіру және өнертапқыштық; - қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілігі; - басқару әдіс-тәсілін білу, басшылық қабілеті; - мақсатгылық пен түрақты жоспарлы бақылау; - тығырықтан шығу, тиімді шешім қабылдауға дағдылану, т.б.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==