Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

■тарау. Үйымдастырушылық мінез-қүлық нсгіздері □ 15 орындалуын басқа адамдардың көмегі арқылы қамтамасыз ету» деп, сонымен қатар оның көшбасшылық туралы тұжырымдамасы алғаш рет техникалық үрдістерге емес, адамдарға назарын аудартқызды. Жауапкершілікті жүктеу біршама деңгейде ұйымдағы уәждемемен (мотивациямен) байланысты. Осы позиция түрғысынан Д. Макгрегордың көзқарасы кеңінен тараған. Оның сендіруі бойын- ша, басқаруды үйымдастырудың екі негізгі тәсілдемесі бар. Біріншісі - X теориясы нормаланған процедуралар мен опе- рацияларды пайдаланатын мәжбүрлеу және көтермелеу («қамшы және жылы-жұмсақ»), әдістерін қолдануға негізделген. Екіншісі - У теориясы қызметкерлерді ынталандыруға, септігін тигізетін олардың белсенділікпен бастамалар көтеруіне мүмкіндік беретін жағдай тудыруға айрықша көңіл бөледі. Д. Макгрегордың пікірі бойынша, үйымның X теориясынан У теориясына өту шамасына қарай ұйымның қүрылымы қатаң иерархиялық құрылымнан кашықтап, күрделі өзгеріске ұшырамақ. Жалпы қорытындысында «адамдық қарым-қатынастар» мек- тебі адам факторының есебіне және үжымда тиісті психологиялық климат тудыруға баса назар аударады. 1.3 ¥йым түсінігі және оныц түрлері Уйымдастырушылық мінез құлықты зерделеуді «ұйым» түсінігін қарастырудан бастаған орынды. Заманауи жағдайда «ұйым» қандай да бір мақсаттардың жүзеге асырылуы үшін адамдарды біріктіретін әлеуметтік жүйс болып табылады және оған кіру индивидтің мінез-қүлқына белгілі бір іпектеулер қояды. ¥йым - алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым бо ­ лып есептелуі үшін келесі сипаттамалары болуы қажет: - осы топтың мүпіесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы. - барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы. - топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірігіп, бір бағытта еңбек етуі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==