Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

14 □ Үйымдастырушылық мінез-құлық X бөлді, олардың арасындағы дау-дамай, жанжалды дұрыс бейнелеп көрсетті. Ол шенеуніктік - бюрократтық аппараттың билікті пай- даланып, адамдарға көп қысым жасап отырғанын атап көрсетгі. Вебер жеке адамға және қоғамның даму себебіне әлеуметтік құндылықтарды жатқызды. Вебер бойынша, тек жеке адам ғана қызығушылықтарға, мақсат пен танымға ие болады. Ғылыми айналымға «рационалдылық», «идеалды тип» түсініктерін енгізді. Вебердің маңызды идеясы - бұл елеулі экономикалық тиімділікті алуға бағытталған рационалдықтың, рационалды әрекет идеясы. Бүл тенденция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Ал бұл рационалдықтың капиталистік қоғамда шарықдау шегі - бю ­ рократия, қоғамды бюрократияландыруға бағыггалған тенденция саналады. Адамгершілік қарым-қатынастар мектебі немесе неоклассикалық бағыт. Ол 1930-1950 жж. қалыптасқан. Бұл бағытгың негізгі ережесі — бейресми шағын таптарға қатысты рөлд і аньтқтау және басқару іс-тәжірибесінде топтардың психологиялык, және әлеуметтік ерекшелікгерін анықтап, пайдалануға мүмкіндік беретін әдістердің қажеттілігіне сендіру. Аталмыпі бағытта «Хоторндық зерттеулерімен» танымал болған америкалық талым - Элтон Мэйоны (1880-1949 жж.) атап өткен орынды. Ол жұмысшылардың тобымен бірлесіп 13 жылдай жүргізген тәжірибенің нәтижесіңде мынадай қорытындыға келді: жұмысшылардың еңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана байланысты емес, ол сондай-ақ, жұмысшылар ортасының (бейресми шағын топтар деп аталатын) психологиялық және әлеуметтік климатына да тәуелді болады. Осы мектептің Ф. Герцберг, Рл. Ликарт, Дуглас МакГре ­ гор, Фоллет Мэри Паркер сынды көрнекті өкілдері де басқару жүйесіндегі қызметкерлердің еңбегін жетілдіру әдістерін ізде- етіруге айтарлықтай маңыз береді, яғни жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ұйымның ресми қүрылымын қайта қүру барысында бейресми әлеуметтік құрылымдарды өзгертуге баса назар аударуы- на кеңес берілді. Мари Паркер Фоллет (1.868-1933) философия мен саяси ғылымдарды зерделеді. Фоллеттің менеджментті «жұмыстың

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==