Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
X 1-тарау. Үйымдастырушылық мінез-құлық негіздері □ 13 мейтінін атап өтті. Оның ойынша, бұл пропорциялар мәселесі, қағидалар икемді болуы керек, олар әр қажеттілікке бейімделеді; оларды қолдану мәселесі-біліктілікке, түсінікке, шешім қабылдау тәжірибесіне ие болудың күрделі өнеріне тәуелді. А.Файольдің ойлары классикалық менеджмент теория- сын ілгері жылжытты және оған толығымен сай болды. Іскер- лік тәжірибе тұрғысынан А.Файольдің қағидалары белгілі жағдайларда тамаша қызмет етеді: нақты міндеттің болуы, өнімге немесе қызметке деген болжамды сұраныс, дайындалатын өнімге енгізілетін мерзімдік аз гана қүрылымдық өзгерістер және же- текшілері жоспарлағандай әрекет ететін жұмысшылар. Аталган көзқарастың тиімділігінің ең қарапайым мысалы - McDonald ’ s ресторан желілерінің табыстылығы, олар бүкіл әлемде жыл- дам тамақтану саласында үлкен беделге ие (және көптеген бәсекелестермен сәтті бәсекелесуде). Осындай көзқарасты үлкен табыстылықпен көптеген ұйымдар қолданды, әсіресе оны стан дарт™ және күнделікті қызмет көрсетумен айналысатын және бизнестсрі географиялық алыс орналасқан аймақтарда сауда орындарының көп көлемде қызмет етуін қарастыратын ұйымдар (банктер, қонақ үйлер желілері, персоналды жұмысқа алу бойын- ша агенттіктер, қозғалмайтын мүлік бойынша агенттіктер) жиі қолданды. Алайда, аталған көзқарастың белгілі шектеулері де бар, себебі оған жеткіліксіз эмпириялық әмбебаптық тән. Соган қарамастан, А.Файольдің қағидаларын бүгінгі таңда да әр түрлі мектептер мен елдердің менеджерлері қолдайды. Анри Файоль классикалық менеджмснттің қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді. Бюрократиялық менеджмент жалпы ұйьтмдастырушылық жүйені қарастыра отырып, келесідегідей тұжырымдарга негізделеді: • фирма ережелері, саясаты және тәртіптері; • иерархияны орнату; • нақты еңбек бөліиісі. М. Вебер (1864-1920) - көрнекті неміс әлеуметтанушысы, тарихшы, экономист және заңгер еңбектері бюрократиялық ме- неджментпен байланысты. Ол топтарды ең алдымен беделіне, мәртебесіне, қадіріне және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қарай
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==