Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

6 Тәуекел-менеджмент 1 ТАҚЫРЫП. ТӘУЕКЕЛ-МЕНЕДЖМЕНТКЕ КІРІСПЕ Тәуекел экономикалық категория ретінде, оның негізгі элементтері және сипаты 1. Тәуекел ұғымы, оның негізгі элементтері Тәуекел ұғымы тәуекел табиғатымен және адамдардың тәуе- келді түсінуімен байланысты. Тәуекел мәні іуралы гіікірлердің әр алуандығы осы құбылыс тәуекелдің нақты экономикалық тәжіри- бе мен басқару қызметіне оң және теріс ықпалымен байланысты аспектілерінің көптігімен түсіндіріледі. Тәуекел - күрделі және көп қырлы бір біріне сәйкес келмейтін, кейде қарама қайшы нақты негіздері бар құбылыс. Қоршаған әлемдегі кез келген қызмет, қүбылыс, үдерістер және қоршаған ортаның өзі тәуекелімен түйіндеседі. Тәуекел адамның отбасылық және іскерлік қатынастарында, қоғамда, техникада және технологиялық үрдістерде қоршап тұрады. Тәуекелдер сырттан, қоршаған ортадан келуі мүмкін және объектінің немесе процестің ішінде де қалыптасуы мүмкін. Тәуекел ретсіз және бірыңғайланған жүйелерге, тепе тең және айнымалы жүйелерге де тән. «Тәуекел» термині гректің ridsikon, ridsa - жартас, құз сөздері- нен бастау алады. Итальян тілінде risiko - қауіп, қатер; risicare - жартас арасын- да бүлтару. Французша risgoe — қатер, қауіп төндіру (сөзбе сөз ау- дарғанда жартасты, құзды айналып өту). Вебстердің сөздігінде «тәуекел» «қауіп, зиян, залал қатері» деп анықталады. Ожеговтің сөздігінде «тәуекел» «қауіп мүмкіндігі» неме ­ се «сәтті нәтижеге үміт арта отырып гәуекелмен әрекет ету» деп анықгалады. Экономикалық мағынада «тәуекел» үғымы ретінде кәсіпорын- ның өз ресурстарының бір бөлігін жоғалту мүмкіндігі (қатері), та-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==