Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

1. Тәуекел-менеджменткс кіріспе 3S 43 Тәуекелдерді азайту және бақылау әдістері кәсіпорында тәуе- келдердің пайда болу мүмкіндігін азайтуға бағытгалған процеду- ралар мен процесстерді енгізуді білдіреді. Кәсіпорынның қаржы тәуекелдерін азайту және бақылау әді- стері ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес қабылданатын тәуекел деңгейіне лимиттерді орнатуды қамтиды. Кәсіпорынның қызметі- не өзгерістердің әсерін бағалайтын және оларды қабылдау үшін қажетті шараларды әзірлейтін кәсіпорынның өкілетті заң қыз- метімен және қызыққан құрылымдық бөлімшелермен заңнама өз- герістерінің мониторингісін жасау - кәсіпорынның құқықтық тәу- екелдерін азайту және бағалау әдістері болып табылады. Кәсіпорынның стратегиялық тәуекелін азайту және бақылау бекітілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлар мен стра- тегияларды орындау мониторингісі арқылы жүзеге асырылады. Осының қорытындысы бойынша ішкі және сыртқы ортадағы өз- герістерді корсету үшін түзету іс-шаралары қабылданады. Кәсіпорындағы операциялық тәуекелдерді азайту және бақы- лау бекІтілген бизнес процесстердің талдауын жүргізу және олар ­ ды жетілдіру бойынша іс-шаралардың сәйкес жоспарларын жасау арқылы жүзеге асырылады. Егер тәуекелдерді азайту және бақылау бойынша қолданыла- тын әдістер кәсіпорынның шығындарымен байланысты және бұл шығындар айтарлықтай болса, тәуекелдерді ұстау немесе қаржы- ландыру есебінен тәуекелдерді азайту мүмкіндігін немесе осындай шаралар қажеттілігінің талдау, сонымен қатар тәуекелдерді ұстау/ ауыстыру бағасымен салыстыру бойынша іс-шаралар шығында- рының баламалы бағасын анықтау шаралары жүргізіледі. Бақылау сұрактары және тапсырмалар 1. Тәуекелдерді жіктеу және жүйелеу қағидаларын анықтаңыз. 2. Тәуекелдерді жіктеудің әдістемелік сызбасының мазмұнын сипат- таңыз. 3. Тәуекелдердің негізгі параметрлерінің сипаттамасын беріңіз. 4. Тәуекелдердің негізгі түрлерін атаңыз. 5. Тәуекелдердің пйда болу себептері қандай. 6. Value at Risk түсінігін беріңіз .

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==