Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

1. Тәуекел-менеджментке кіріспе 39 Темен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтимал- дылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуе- кел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуе- келге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықгауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, са- лымшы оған тиімді ақша салымын тандай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады. Тәуекелдің жоғары, орташа немесе темен деңгейлерін ажы- ратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация). Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін бола ­ тын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.Кәсіпо- рынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бір- ге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа сал- мақты көлемін ұсынады: о 2 ==(х-х 2 )/п мұндағы о 2 — дисперсия; х - қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін мәні; х - қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні; п - қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік). Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тер- бел ісін сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вари ­ ация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады: v=o/x ’ 100 мұндағы v - вариация коэффициенту о - орташа квадраттық ауытқу; х - қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==