Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
36 Тәуекел-менеджмент Базалық тәуекел (базистік тәуекел) - гіайыздық маржаның төмендеуінеи болатын шығындар. Базалық тәукелдер мына жағдайларда пайда болады: 1) банк ресурстарын тарту және оларды орналастыру мөлшер- лемелері бір - біріне «қалқып» өзгереді; мысалы банк ресурстарды бекітілген мөлшерлемемен тартылады, ал қалқымалы мөлшерле- мемен ссудаға немесе инвестицияға беріледі. Бұл жолы банктің таза пайыздық табысы нарықтағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне тәуелді; 2) ресурстардың нақты бағасы дүрыс есепке алынбаған. Мы салы, Үлттық банктегі міндетті резервтер қорына, депозиттерді сақтандыру қорына аударымдар, банктің пайыздық маржасын азайтады; 3) ресурстарды тарту және оларды орналастыру әртүрлі ва- лютада жүргізіледі. Мысалы, АҚШ-тың қазынашылық векселінің мөлшерлемесімен бағаланған біржылдық кредит, ЛИБОР мөлшер- лемесімен бағаланып отыратын біржылдық депозитпен қаржылан- дырады. Бүл жолы екі мөлшерлемені қайта бағалағанда олардың арасындағы маржаның күтпеген жерде өзгеріунен банкте тәуекел пайда болуымүмкін. Пайыздық тәуекелдің базалық құрамы кредиттік тәуекелмен тығыз байланыста: активтердің сапасы төмендегенде оларды орна- ластырудың тиімді мөлшерлемесі төмендейді. Өйткені шығындар- ды жабуға қажетті резервтік қосымша аударымдар тиімді маржаны қысқартады. Ал бүл несиелік тәуекелді сипаттайды. Басқа мемлекеттердің зандары - қүқықтық тәуекел елдің заңнамасымен және елдің резидент еместермен қарым-қатынаста құқық бүзушылыктар салдарынан шығындардың пайда болуымен байланысты. Қүқықтық тәуекел - Қазақстан Республикасы занамасының талаптарын бүзу немесе бағалы қағаздар нарығының субъектілері практикасының олардың ішкі қүжаттарына сәйкессіздігі, ал Ка захстан Республикасының резиденттері еместерге қатысты - өзге мемлекеттердің заңнамасын бүзу салдарынан туындайды. Жобалық тәуекел - қоғамның инвестициялық бағдарлама- сымен қарастырылған ағымдағы инвестицияларды, сонымен қатар
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==