Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
1. Тәуекел-менеджментке кіріспе 35 - технология - жеткізуші жаңа азық-түліктің дамуында ұсы- нысқа сүйеніп, жаңа технологияның игеруіліне көмектесе біледі; - сапа - жеткізіп берушінің дайындығы, келісімдер сапасын жақсарту үшін жүмыс істеу (QVB - Qualitatsvereinbarungen). - дайын жабдықтау - сенімді жеткізуші және икемділікке дай- ындық (және т.б. жеткізу уақыты, ЛТ бағдарламасы, сәйкестік ...). - қызметі - тапсырыстарды орындау, бұйрықтар мен нүсқа- улар жауап және өңдеу, электрондық деректер алмасу (Electronic Data Interchange EDI) . Пайыздық тәуекел - нарықтық пайыздық мөлшерлеменің ауытқуына және несие құнының өзгеруіне байланысты ықтимал шығынға немесе алынбай қалған пайдалы тәуекел ету; пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруіне байланысты қаржылай шығынға ұшырау ықтималдығы. Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төле- нетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммер- циялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық ин- ститутардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыз- дық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздар- дың бағамдық қүнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салда- рынан томен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде түрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыз- дық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пай- ыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата ал- майды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==