Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
1. Тәуекел-менеджментке кіріспе 3€ 33 - экологиялық тәуекел (қоршаған ортаны зақымдағаны үшін азаматтық жауапкершіліктің туындау тәуекелі); - саяси тәуекел (мемлекет саясатының өзгеру себебінде кіріс мөлшерінің азаюынан шығындардың пайда болу тәуекелі); - көліктік тәуекел (көліктің әр түрімен жүк тасымалдау тәу- екелі); - мүліктік тәуекел (кәсіпкерге байланысты емес себептер бойынша мүлікті жоғалту тәуекелі); - саудалық тәуекел (төлемнің кешігуі, төлемнен бас тарту, тауарды жеткізбеудің тәуекелі). Ақша сатып алу қабілетімен байланысты тәуекелдер: - инфляциялық тәуекел; - дефляциялық тәуекел; - валюталық тәуекел -банк қызметін жүзеге асыру кезінде шетелдік валюталар бағамының өзгеруіне байланысты шығыстың (шығынның) туындау тәуекел; - өтімділік тәуекелі - банктің міндеттемелерін орындамау не уақытылы орындамау мүмкіндігіне байланысты тәуекел. Инвестициялық тәуекелдердің келесі түрлері бар: - жоғалтылған пайда тәуекелі; - кіріс азаюының тәуекелі; - берілген несие бойынша пайыздық мөлшердің жоғарыла- уы. Коммерциялық тәуекел - кәсіпкермен өндірілген немесе са тып алынған тауарлар немесе көрсетілген қызметтерді іске асыру кезінде пайда болған тәуекелдер. Коммерциялық келесі қызметтермен байланысты: - нарықта тауарды (қызметтерді) іске асыру; - тауарларды жеткізу; - сатып алушының тауарды қабылдауы; - форс-мажор (төтенше) жағдайлар. Инфляциялық тәуекел - тапқан табыс жоғары инфляцияның нәтижесінде, артқанның орнына өте жылдам қүнсызданады. Жүйелі тәуекел қандай да бір нарықтық конъюктурасының толығымен нашарлауын білдіреді. Ол нақты бір инвестициялық 3-3/41-17
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==