Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

32 3® Тәуекел-менеджмент Микроэкономикалық деңгейде белгілі бір қызмет саласына ғана тән тәуекелдер қарастырылады. Мысалы, несиелік, опера- циялық және комплеанс, негізінен, қаржылық институттарға тән тәуекелдер. Несиелік тәуекел банктің тиімді қызметін анықтайтын банк тәуекелі болып табылады. Несиелік тәуекелдің құрылымы бірдей емес. Несиелік тәуекелдің үш түрі ажыратылады: мердігерлерді несиелеу немесе төлем тәуекелі, төлеу тәуекелі, алдын-ала есеп айырысу тәуекелі. Операциялық тәуекел мыналардан тұрады: - банктің белгісіз, жеткіліксіз ұйымдық құрылымымен бай- ланысқан, сонымен қосажауапкершіліктерді бөлу, алдын-ала есеп беру қүрылымы және басқару тәуекелі. - жеткіліксіз стратегиялармен, саясатпен немесе ақпарат- тық технологиялар облысының стандарттарымен бағдарлама- лық қамтамасыз етуді пайдалану кемшіліктерімен туындаған тәуекелдер. Комплаенс-тәуекел - банктің Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, оның ішінде уәкілетті органның норма- тивтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ банктің ішкі ережелерін және рәсімдерін қадағалау негізінде пайда болган шығыстар (шығындар) тәуекелі. Стратегиялық тәуекел коммерциялық қызметке қауіп төн- діретін, қызмет стратегиясын және субъектінің дамуын анықтай- тын және мүмкін болатын қауіпті бағаламау немесе жеткіліксіз бағалау білдіретін шешім қабылдау кезіндегі кеткен қателіктер (кемшіліктер) нәтижесінде туындаған шығындардың тәуекелі. Елдік тәуекел шет мемлекеттегі экономикалық немесе саяси шарттардың өзгеруінен болған қаржылық тәуекелмен байланысты емес шет мемлекеттің немесе шетел тұрғынының төлем төлеуге қабілетсіздігі немесе міндеттері мен себептері бойынша жауап бе- руді қаламаудан туындаған тәуекел. Пайда болуының негізгі себебіне байланысты келесі санат- тарға бөлінеді: - табиғи тәуекел (табиғаттың дүлей күштерінің көрініііуінен болған тәуекел); ч

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==