Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

I . Тәуексл-менеджментке кіріспе 31 Өндірістік тәуекел - тауар өндіру бойынша өз міндеттерін және нормативті жоспарларды, жұмыстарды, сырты орта мен сы- ртқы факторлар әсерінің нәтижесіндегі қызмет көрсетуді орында- мау тәуекелі. Коммерциялық тәуекел — қаржы-экономикалық қызмет бары- сындағы шығын тәуекелі. Коммерциялық тәуекелдің пайда болу себептері: - өткізу көлемінің төмендеуі; - сатып алу көлемінің кенеттен төмендеуі; - тауардың сатып алу бағасының жоғарылауы; - шығындар айналымының көбеюі; - айналым кезіндегі тауардың жоғалуы. Қаржылық тәуекел - фирманың өз қаржылық міндеттерін орындамау тәуекелі. Қаржылық тәуекелдің пайда болу себептері: - дебюторлардан төлемдердің түспеуі; - инфляция мен дефляция; - валюталық бағамдарының өзгеруі. Кәсіпорын өз қызметі барысында тап болатын тәуекелдер ми- кроэкономикалық және макроэкономикалық болып бөлінеді. Микроэкономикалыққа төмендегілерді жатқызуға болады: - стратегиялық тәуекел; - операциялық тәуекел; - комплеанс-тәуекел; - несиелік тәуекел; - шығындар тәуекелі; - жеткізуші мен сатып алушы тәуекелі; - өтімділікті жоғалту тәуекелі; - іскерлік абыройды жоғалту тәуекелі; - жобалық тәуекел және тағы басқалары. Макроэкономикалық тәуекелдерге жатады: - елдік тәуекел; - саяси тәуекел; - нарықтық тәуекел, валюталық, пайыздық және бағалық тәуекелдерді қоса; - құқықтық тәуекел.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==