Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
30 3€ Тәуекел-менсджмент Салдарларының сипаты бойынша тәуекелдер таза және алыпсатарлық деп бөлінеді. Таза (әдебиетте оларды кейде қарапайым немесе статисти- калық деп атайды) кәсіпкерлік қызмет үшін әрдайым шығын әке- луімен сипаіталады. Таза тәуекелдердің себептері табиғи апаттар, соғыстар, жаза- тайым оқиғалар, қылмыстық іс-әрекеттер, ұйымдастыру қабілет- сіздігі және тағы басқалары бола алады. Алыпсатарлық тәуекелдер (әдебиетте оларды кейде динами- калық немесе коммерциялъщ деп атайды) кәсіпкер үшін күтілетін нәтижеге қатысты шығын да, қосымша табыс та әкелу мүмкінді- гімен сипаталады. Алыпсатарлық тәуекелдердің себептері нарық конъюктурасы- ның өзгеруі, валюта бағамының өзгеруі, салық заңының өзгеруі және т.б. болуы мүмкін. Алыпсатарлық тәуекелдер (динамикалық немесе коммерци- ялық) - кәсіпкер үшін не шығын, не табыс алып келеді. Алыпса- тарлық гәуекелдердің пайда болу себептері: - валюта бағамдарының өзгеруі; - нарық конъюктурасының өзгеруі; - инвестия шарттарының өзгеруі; - жеткізілім шарттарының өзгеруі және т.б. Жіктелуі ең көп топ - пайда болу саласы бойынша. Оның не- гізі ретінде қызмет бағыттары қаланған. - несиелік тәуекел; - елдік тәуекел; - нарықтық тәуекел, валюталық, пайыздық және бағалық тәуекелдерді қоса; - өтімділікті жоғалту тәуекелі; - операциялық тәуекел; - комплаенс-тәуекел; - құқықтық тәуекел; - іскерлік абыройды жоғалту тәуекелі. Пайда болу саласында (қызмет бағыттары) сондай-ақ өн- дірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекелдердің дүрлері ажыратылады. - • 133' 4
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==