Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
1. Тәуекел-менеджментке кіріспе 3€ 29 - пайда болу сипаты; - микро және макроэкономикалық тәуекелдер. Пайда болу уақытына байланысты тәуекелдер ретроспек тива, ағымдағы жэне келешек болып бөлінеді. Ретроспективті тәуекелдердің талдауы, олардың сипаты және төмендету жолдары ағымдағы және келешек тәуекелдерді дәлірек болжауға мүмкіндік береді. Пайда болу факторына байланысты тәуекелдер саяси және экономикалық (коммерциялық) деп бөлінеді. Саяси тәуекелдер - бұл саяси жағдайлардың өзгеруінен туын- дайтын, кәсіпкерлердің қызметіне эсер ететін тәуекелдер (шекара- ның жабылуы, басқа елдерге тауар тасымалдауға тыйым салыну, мемлекет аумағындағы әскери іс-қимылдар және т.б.). Экономикальщ тауекелдер - бұл кәсіпорын экономикасында немесе ел экономикасындағы қолайсыз өзгерістерден туындаған тәуекелдер. Жеке тәуекелдер шоғырланған экономикалық тәуекелдің ең көп таралған түрлері - нарық конъюктурасының өзгеруі, теңгерім- сіз өтімділік (төлем міндеттемелерін уақытылы өтеу қабілетсізді- гі), басқару деңгейінің өзгеруі және т.б. Тәуекелдердің бұл түрлері бір-бірімен өзара байланысты және тәжірибеде оларды ажырату өте қиын. Есеп сипаты бойынша тәуекелдер сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы тэуекелдерге кәсіпорын қызметі немесе оның байла- ныс аудитория сына тікелей байланысты емес тәуекелдер жатады. Сыртқы тәуекелдердің деңгейіне саяси, экономикалық, демо- графиялық, қоғамдық, географиялық және тағы басқа факторлар эсер етеді. Ішкі тәуекелдерге кэсіпорынның өзінің қызметінен жэне оның байланыс аудиториясынан туындаған тэуекелдер жатады. Олардың деңгейіне кэсіпорын басшылығының іскерлік белсенділігі, оңтай- лы маркетингтік стратегия таңдауы, саясат пен тактика жэне басқа факторлар: өндірістік элеует, техникалық жабдықталу, мамандану деңгейі, еңбек өнімділігі, қауіпсіздік техникалары эсер етеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==