Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
228 3€ Тәуекел-менеджмент налымның өзгеруіне байланысты,айналымнан босатылған немесе айналымға қосымша тартылған қаражаттардың сомасын анықтау. 3. Қаржыдық таддау Қаржылық талдауды жүргізу қаржылық және шаруашылық құжаттарда және көрсеткіштерде көрсетілген, қаржылық-шару- ашылық қызметтің әртүрлі аспектілерін табуға көмектеседі. Олар- дың талдауы мейлінше тәуекелдік жақтарын анықтауға мүмкін- дік береді, өйткені тәуекелдердің әсері жағымды және жағымсыз нәтижеге әкелуі мүмкін. Уақыт - бүл менеджменттің ең қысқа ресурсы. Сондықтан да басқарушылық шешімді қабылдау үшін көптеген ақпараттар жи- нақталған, түсінікті, қысқа және әсем безендірілген болуы тиіс. Осыған қол жеткізу үшін, кәсіпорын индекстер жүйесін қолдана- ды. Индекстер мөлшерлі көрсеткіштермен белгіленген мұрағат- танған формадағы сандармен көрсетіледі. Есептесу формасын басшылыққа ала отырып, абсолютті және қатысты индекстерді ажыратады. Егер индекс басқа сандардың шамаларына қарамастан ұсынылса, абсолютті индекстер бар бо- лады. Бұл категориядағы индекстер: айналым, жұмысшылардың саны, таза айналымдағы капитал немесе нәтижесі (Net-Working- Capital). Қатысты индекстер қолданылады, егер екі шама бір біріне байланған болса,сондықтан да оларды жиі коэффициенттер деп атайды,себебі жалпы шамаларды жеке шамаларға белу жүреді. Индекстерді қолдану облысы белгілі бір ақпараттық функциялар- дың шеңберінен шығып кетеді. Индекстер басшылықтың елеулі қүралдары болып табылады, олар барлық бақылау процесінде қол- данылады, атап айтқанда, жоспарлауда, бақылауда және басқаруда, сондай-ақ кәсіпорын басшылығының кіші жүйелерінде Тәуекелдік-контроллингте индекстерді қолдану, төменде көр- сетілген жалпы бірнеше принциптерді үстануды қарастырады: 1 Armin Muller, Peter Uecker, Cornelia Lehbold. Controlling fur Wirtschaftsingenieure. Ingenieure und Betriebswirte. 2., verbesserte und aktualisierte Auflage. - Fachbuchverlag Leipzig im Carl Hanser V&iag Munchen Wien, 2006. — S. 407. • •J?' 4 -«.si '
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==