Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

226 3€ Тәуекел-менеджмент анықталады, олар қаржылық қызметтің жеке аспектілеріне мінез- деме береді. Қаржылық талдауда коэффициенттерді талдаудың ке- лесідей формалары бар: - Өтімділікті талдау. Кәсіпорынның ағымдағы міндетте- мелеріне жауап беру қабілетін талдауға және сипаттауға мүмкін- дік береді. Бүл көрсеткіштерді есептеу алгоритмі негізіне қысқа мерзімді кредиторлық берешекпен ағымдағы активтерді (айна- лым құралдары) салыстыру идеясы жатады. Есептеу нәтижесінде, кәсіпорынның ағымдағы операциялар бойынша кредиторлармен есеп айырысуға қажетті айналым құралдарымен қамтамасыз етілуі анықталады. Себебі әртүрлі айналым құралдары ,әртүрлі өтім дәрежесіне ие,өтімділік коэффициентінің бірнешеуін есептейді. - Ағымдағы қызмеггі талдау. Құралдардың айналымы түрғысынан, кез келген кәсіпорынның қызметі активтердің бір түрінің басқаға үздіксіз ауысу процесін білдіреді. - Ағымдағы қаржылық-шаруашылық қызметтің тиімділігі, әртүрлі активтердің айналымына тәуелді операциялық циклдің ұзақтығымен бағалануы мүмкін. Өзге де тең жағдайларда айна- лымды жеделдету тиімділікті артгырады. Сондықтан бұл топтың негізгі көрсеткіштері болып материалдық, еңбек және қаржы ре- сурстарын қолданудың тиімділік көрсеткіштері саналады:әзірлеу, қор қайтарымдылығы, айналым құралдарының қорлары және есеп айырысу. - Қаржылық тұрақтылықты талдау. Осы көрсеткіштердің көмегімен қаржыландыру көздерінің қүрамы мен динамикасы және олардың арасындағы қатынастар бағаланады. Талдау негіз- деледі, қаражат көздері өзіндік құн деңгейімен, қолжетімділік, сенімділік деңгейімен, тәуекел дәрежесі және басқалармен ерек- шеленеді. - Рентабельділікті талдау. Бүл топтың көрсеткіштері кәсіпо- рынға жұмсалған қаражаттың тиімділігін бағалау үшін тағайын- далған. Негізгі көрсеткіштері авансталған капиталдың рентабель- ділігі және меншікті капиталдың рентабельділігі болып табылады. - Нарықтағы капиталдың жағдайы мен қызметін талдау. Бүл талдау барысында кеңістікті-уақыттық салыстыру сипатт«ій- тын көрсеткіштердің жағдайы, құнды қағаздар, дивиденттік шығу,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==