Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
6. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі тәуекел-контроллинг 225 - активтерді құрылымдық талдау. Талдау барысында айна- лымдағы және айналымнан тыс активтердің ара-қатынасы анықта- лады:қолданыстағы айналым активгерінің құрамы; қолданыстағы айналымнан тыс активтерінің құрамы;инвестициялық портфель- дің құрамы және басқалары. - капиталды құрылымдық талдау. Талдау барысында мен- шіктің және қарыздың үлес салмағы анықталады: қолданыстағы меншікті капиталдың қүрамы; қайтару мерзіміне байланысты қол- даныстағы қарыз капиталдың құрамы және басқалары. - ақша ағымдарын құрылымдық талдау. Талдау барысында жалпы ақша ағымы құрамына жеделділік (өндірістік), аржылық және инвестициялық қызметтен түсетін ақша ағымдары кіреді. Бұл ақша ағымдарының әрқайсысы өз кезегінде жеке құраушы эле- менттермен терең құрамдастырылуы мүмкін. 3. Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау. Талдау барысында са- лыстырмалы көрсеткіштердің абсолютті және қатысты ауытқула- рының көлемі есепке алынады. Қаржылық талдауда салыстырма лы талдаудың келесі түрлері бар: - Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін және орта са- лалық көрсеткіштерін салыстырмалы талдау. Талдау кезінде болашақга тиімділігін арттыру мақсатында, шаруашылықтың қаржылық қызметінің негізгі нәтижелерінің ауытқуының деңгейін анықтайды. - Бәсекелес кәсіпорынның және осы кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін салыстырмалы талдау. Талдау бары сында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпорынның әлсіз жақтары анықталады: - Кәсіпорынның бөлімшелерінің және жеке құрылымдық бірліктерінің қаржылық көрсеткіштерін салыстырмалы талдау. - Қаржылық көрсеткіштерінің есеп беруін және жоспар- ларын салыстырмалы талдау. Талдау барысында есептік көрсет- кіштердің жоспардан ауытқуының деңгейі анықталады және олар- дың себептері қарастырылады. 4. Қатысты көрсеткіштер талдауы (коэффициенттер) әртүр- лі абсолютті көрсеткіштердің өзара ара-қатынасының есебіне негізделеді. Талдау барысында әртүрлі қатысты көрсеткіштер 15-3/41-17
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==