Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

224 S€ Тәуекел-менеджмент - математикалық талдаудың классикалық әдістері: диффе- ренциялау, ингегралдау, варияциялық санау: - математикалық статистика әдісі: бірөлшемді және көпөл- шемді статистикалық қүрылымды меңгеру; - экономикалық әдістер: халық шаруашылығының саларар- лық балансы, ұлттық санақ; - математикалық ақпараттандыру әдісі: қолайлы, сызықтық, квадраттық және сызықтық емес ақпараттандыру; блоктық және динамикалық ақпараггандыру; - операцияларды санау әдісі: қорларды басқару, техникалық ақау және құралдарды ауыстыру әдісі, ойын теориясы; жоспар те- ориясы; экономикалық кибернетика әдісі. Қазіргі уақытта қаржылық талдау тәжірибесі өзінің негізгі ережелерін немесе талдау тәсілін келесідей етіп қарастырады: 1. Көлденеңнен (трендті) талдау- белгілі уақытта жеке қаржылық көрсеткіштердің динамикасын меңгерумен анықтала- ды. Бұл талдауды жүзеге асыру барысында жеке көрсеткіштердің өсу қарқыны есептеледі және оның өзгеруінің ортақ тенденцияла- ры анықталады. Қаржылық талдауда көбірек таралған көлденең- нен талдау формалары: - есеп беру кезеңіндегі қаржылық көрсеткіштерді алдыңғы кезеңдегі көрсеткіштермен салыстыру. - қаржылық көрсеткіштердің есеп беруін өткен жылғы ке- зеңдегі көрсеткіштермен салыстыру. Бұл форма ашық көрсетілген маусымдық ерекшеліктері бар шаруашылық кызметпен айналыса- тын кәсіпорындарда колданылады. - алдыңғы кезеңдегі қаржылық көрсеткіштерді салыстыру. Талдаудың мақсаты кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтиже- сіне мінездеме беретін,жеке көрсеткіштердің өзгеріс тенденция- сын анықтау. 2. Тігінен (құрылымдық) талдау- нәтижеге әсерін тигізетін есеп берудің әрбір позициясын анықгаумен қорытынды көрсет- кіштердің қүрылымын талдау. Талдауды жүзеге асыру барысында қаржылық көрсеткіштердің жеке құрылымдарының үлес салмағы есепке алынады. Қаржылық талдауда тігінен талдаудың келесідей формалары болады: ■ • ' *

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==