Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
6. Тәуекел-менеджмент жүйесіңдегі тэуекел-контроллинг Э€ 221 пен басқару нысаны қарастырылатын уақытша циклдеріне байла- нысты. Осыған байланысты тәсілдер, қағидалар, әдістер және тәу- екелмен басқару қажеттілігі баламалы болуы мүмкін. Тәуекелдер- ден қорғаудан қарағанда тәуекелсіз жағдайларды қаржыландыру және басқару тиімсіз шығындарға және менеджмент сапасының төмендеуіне алып келеді. Екінші жағынан алып қарасақ, тиісті көңіл бөлмеу анағұрлым қауіпті қаржылық, ұйымдастырушылық және технологиялық проблемаларға алып келуі мүмкін. 2. Тәуекелдермен басқару парам етрлері Кәсіпорындардың қызметтеріне тән тәуекелдер жеткілікті деңгейде әртүрлі, ұқсас емес, әртарапгандырылған болғандықтан оларды сәйкестендіру, сипаттау, бағалау қажеттілігі бар. Тәуекел- дердің сипаты нақтылаудың әртүрлі дәрежедегі бірнеше сызбала- ры бойынша жүзеге асуы мүмкін, жалпы тәсілден дараға. Тәуекел- дер үдерістін әр кезеңінде байқалуы мүмкін: бастапқы, ағымдағы және аяқталудағы. Тәуекелдің көрінуінің әр кезеңде оның менед- жментінің тәсілдері едәуір ерекшеліктерімен көзге түсуі мүмкін, сонымен бірге олар бір уақытта қарқындылықтың түрлі дәреже- сінде үдеріске немесе нәтижеге проекциялана алады. Тәуекел- дердің сипатына сәйкес тәуекелдер параметрлерін анықтауға және сипаттауға негіз қалыптасады. Тәуекелдермен басқару параметрлері келесілерді қамтиды: 1. Басқарылмалы үдерістің жоспарланған сценарийын үста- уға мүмкіндік беретін және нәтижелі жақтың қалыптасуына кедер- гі жасайтын тәуекелдің факторлық жағының басқарылушылығы. 2. Меңгерілуші үдерістің жоспарланған нәтижелерінен ауытқуларын бейтараптандыруға және жоспарланбаған нәтиже- лерді қалыптастырмауға болатын менеджмент әрекетіне қоршаған ортаның әлеуетті реакция тұрғысында тәуекелдің нәтижелі жағы- ның басқарылушылығы. 3. Тәуекелмен басқарудың маңызды бағыттарын анықтай- тын, көп атқарымдықты, кешенді параметрді, «тәуекелге қатына- сты», басымдықты, қүрамдауды қамтиды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==