Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
218 3€ Тәуекел-менсджмент нады. Кәсіпорынға тәуекелмен келетін шығындары шешімнің'ға- ламдық ізденіс аясында мәнді. Басқарушылық шешімдерді ашық, әділ және дұрыс есептердің негізінде қабылдау үдерісін көрсету үшін тиісті аспаптар құрылып орнатылуы керек. Осы аспаптардың бірі жиынтық шығындарды қарастыру және кейінгі «Total Cost of Ownership (TOCO)» тәсілі бойынша бағалаумен контрагент тандау бағдарламасының аясында шығындарды толықтай талдау болып табылады. ТОСО бағдарламасының негізінде құрастырады: 1. контрагентке қатысты барлық сандық және сапалық фактор- ларды талдайтын шешімнің микроэкономикалық деңгейі (шығын- дардың толықтай талдауы- сандық қарастыру тәсілі, контрагентті таңдау және бағалау - сапалық қарастыру тәсілі). 2. Факторлардың аса ауқымды диапазонын ескеретін шешім- дердің макроэкономикалық деңгейі (елдік гәуекел, нарықтық шартгар және т.б.). ТОСО аясында шығындардың бүкіл тікелей және жанама факторларын қамтитын шығындардың толық талдауымен қатар кәсіпорынның ортасын бәсекелі нарыққа дейін талдап бағалауға әрекет жасалады. Тәуекелді талдау кезінде кейбір болып жататын жағдайлардың ықтималдығын есептеуін негізге алады. Ықтималдықты анықтау- дың екі тәсілі бар: объективті және субъективті. Ықтималдықты анықтаудың объективті тәсілі кейбір болып жатқан жағдайлардың жиілігін есептеуде негізделген. Жиілік бұл ретте тәжірибелік де- ректердің негізінде есептеледі. Субъективті ықтималдық баға бе- рушінің жеке тәжірибесіне немесе пайымдауына негізделеді. Нөл- ге тең ықтималдық нақты оқиғаның басталуы мүмкін еместігін білдіреді; бірге тең ықтималдық -оқиғаның міндетті түрде баста- луын білдіреді. Барлық мүмкін нұсқалардың ықтималдық жиын- тығы бірге тең болуы қажет. ' Krokowski, W. Total Cost of Ownership (TOCO), Ein unterstutzendes Instrument zur Lieferantenauswahl im bereich der Beschaffungslogistik, in: RKW-Handbuch Logistik, Ausgabe. 1/93, Artikel 5070. FachbuchTirlag Leipzig im Carl Hanser Verlag Munchen Wien, 2005. - S. 233. - • "T.' ’ ч
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==