Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
6. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі тәуекел-контроллинг 217 8 кезең. Тәуекелдер туралы қайта жасалған есеп. Тәуекелдерді азайтуға және қорытындыларды бақылауға бағытталған шаралар- дың жүзеге асырылуына қарай, есепке тәуекел жағдайдың баста- луының қалдық ықгималдығы, оның қалдық ықпалы және қалдық көрсеткіші туралы қосымша мәліметтер енгізіледі. 9 кезең. Қорытындыларды бақылау. Бұл кезеңде әр тәуекел- ді көрсеткіш бойынша нақты қол жеткізген және жоспарланған нормативтік мағыналар тексеріледі. Алынған мағыналардың не- гізінде не тәуекелдермен басқару стратегиясы, не тәуекелге талдау, бағалау және ықпал ету кезеңінде қолданагын тәсілдер мен тәу- екел-менеджмент пен тәуекел-бақылаудың аспаптары өзгертіліп жетілдіріледі. Сөйтіп, тәуекел-бақылаудың негізгі тұжырымдамасы кәсіпо- рынның стратегиялық және тактикалық тәуекелдерімен басқару- дың тиімділігін тәуекелмен басқару саласында жоспарлау, есепке алу, бақылау және талдау элементтерінің синтезін қамтитын әді- стемелік және ақпараттық-аналитикалық жүйені қүру арқылы арт- тыруда болып табылады. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы әлеуетінің нығаюын және дамуын қамтамасыз ете отырып тәуекел-бақылау жүйесі ішкі және сыртқы жағымсыз факторларға қарсы келуіне мүмкіндік беретін басқару тәсілдерінің арсеналын құрайды, сондай-ақ оларды бейта- раптандыруға пайдаланады. Бақылауда тәуекелді талдау және бағалау үшін сатып алуға халықаралық нарықтың қиындылық туғызады деп саналатын за- манауи аспаптар қолданылады, оның ішінде келесіні атап өтуге болады: - Бағаларды сараланған салыстырулар; - Жеткізіп берушінің және/немесе сатып алушының бағасы; — Салыстырмалы талдау немесе эталонды тестілеу (benchmarking analysis); - Мүліктің жалпы қүны (Total Cost of Ownership -TOCO) және т.б. Тәуекелді талдау және бағалау тәсілдерінің бірі Total Cost of Ownership(TOCO) тұжырымдамасы болып табылады, бүл ретге 'і зерттеу нысаны мүлігінің жалпы қүны бағаланады және талда-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==