Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

6. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі тәуекел-контроллиш 215 қолдаудың біріктірілген жүйесінің дағдарысқа қарсы басқарудың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тәуекел-бақылау ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайларда тәуекелдермен басқару түжырымдаманың мүмкін кеңеюі дағдарысқа қарсы басқару міндеттеріне қарай бақылау идеяларының тәуекел-бақылауда бейімделу мүмкінді- гімен байланысады. Тәуекел - менеджменті және тәуекел-бақылау жүйелерінің қа- тысуымен дағдарысқа қарсы үдерісі тоғыз негізгі кезеңнен тұрады; 1 кезең. Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын тұжы- рымдау. Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы кәсіпорынның қалыпты жүмыс істеуіне қауіп келтіретін дағдарыстың себеп- терін, әлеуетті және нақты тәуекелдерді анықтау мақсатымен қаржы-шаруашылық қызметтің диагностикасын жүргізуді бол- жайды. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясын жүзеге асыруға тәуекел — менеджменті жүйесінің бағыгтылыгы оған тиісті тәуекел стратегиясын тиянақтаумен қамтамасыз етіледі. Өз кезегінде, тиімді болу үшін, тәуекел -бақылау сонымен ка ­ тар стратегиялық сипатта болу керек, яғни кәсіпорын дамуы- ның негізгі артықшылықтарын көрсетуі керек. Бүл жағдай тәу- екел-бақылауымен қарастырылатын көтеріңкі тәуекел саласы спектрінің мақсатты шектеуін анықтайды. 2 кезең. Тәуекелдерді анықтау. Осы кезеңде нақты кәсіпорын үшін тән тәуекелдерге сапалы сипаттама мен анықтама беріледі. Тәуекелді анықтауда тәуекел- бақылау оған үсынылған аспап- тардың көмегімен кәсіпорынның ішкі және сыртқы аясын жан- жақты талдауға, тәуекелдер бойынша есеп жасауға жауапты. Тәуекел - менеджмент өз кезегінде, оған тәуекел-бақылаумен ұсынылған ақпаратты талдайды және басшылықтың көзқарасынан кәсіпорын қызметіне ең үлкен қауіп келтіретін тәуекелдерді кейін- гі бағалау үшін таңдайды. 3 кезең. Тәуекелдерді бағалау. Анықталған тәуекелдердің сан- дық сипаттары анықталады: тәуекелдердің іске асу ықтималдығы, олардың іске асқан жағдайында келтірілетін мүмкін зияны және кәсіпорын үшін тәуекелдердің жалпы маңыздылығы.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==