Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

6. Тәуекел-менеджмент жүйесіндегі тәуекел-контроллинг 211 Тәуекел-контроллингті басқару циклі келесі фазаларымен көрсетілген: - тәуекелді анықтау; - тәуекелді талдау; - стратегияның ықтималдығын анықтау, өзгертуге рұқсат етіл- ген тәуекелдің қолайлы деңгейінің салдары; - оңтайландыру және іріктеу белгілерінің стратегиялық транс- формациялау тәуекелі. Тәуекел-контроллинг шегіндегі тәуекелді басқару әдістерін келесідей төрт топқа бөлуге болады (сурет 6.5): тәуекелден бас тарту әдісі; тәуекелді оқшаулау әдісі; тәуекелдің сейілу әдісі; тәуекелдің орынын толтыру әдісі. Сурет 6.5 -Тәуекел-контроллинг әдістерінің жіктелуі 1 . Ішкі тәуекелдерді төмендету үшін кәсіпорындар бизнес бой- ынша келешек серіктестерін дүрыс тексеріп, кадрларды жақсылап таңдауы қажет. Американдық кәсіпкерлер көбінесе серіктестердің бәсекеқабілеттілігін тексеру үшін бес ереже «С» үлгісін қолданады: - қарыз алушының жеке басы туралы (character) - оның ре- путациясы, жауапкершілік дәрежесі; 1 Энциклопедия финансового риск-менеджмента / Под ред. А.А. Лобанова и А.В. Чугунова. - 2-е изд. - М: Альпина Бизнес Букс, 2006. - 878 с.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==