Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
208 3€ Тәуекел-.менеджмент нималды ©лшемі, бақылау процедуралары және нарықтық тәртіп (ақпаратты ашу) 1 . Электронды банкинг технологиялары жасырындылыққа не- гізделетін клиенттің банкпен өзара әрекетінің принциптік жаңа әдісін енгізді. Тағы бір ерекшелігі ЭБ-тің әртүрлі, оның ішінде, жеткілікті түрде тексерілмеген бағдарламалық өнімдерді тарату- мен байланысты. Көптеген банктер оның қызметіне қажетті жеке процедураларды орындау үшін шет үйымдарды тартады (аутсор синг). Бүл факторлардың барлығы банктік тәуекелдердің көздерін және факторларды нақтылау тұргысынан үйымның барлық бөлім- дерінің, оның ішінде тәуекел-контроллинг қызметінің жұмысын- дағы айтарлықтай өзгерістерді талап етеді. Бақылаушылар арсенал ында банкішілік орналастырылған нақты жүйелерге бейімделген, ЭБ жүйелердің ішкі құжаттарға сәйкес қызмет етуін тексеру (оның ішінде банктік тәуекелдерді жарамды деңгейде сақтап түруды тексеру) әдістері болуы қажет. Яғни, ұйымға қашықтықтан қызмет ету технологияларын енгізу- мен, бақылау қызметінің әдістері қауіптің жаңа көздерін анықтау мен сараптау тәртібі бойынша сәйкес ережелермен толықтырылуы қажет. Тәуекел-контроллинггі қолдану қызмеггің қаржылық неме- се қандай да бір сферасымен шектелмейді. Шетел әдебиеттерін- де тәуекел-контроллингті шағын бизнесте қолдануға көп көңіл бөледі. Әсіресе оған венчуралық инвесторлар қатысса, оны тәуе- келді бизнес деп атайды. Тәуекел-контроллинг функциясы тәуекел мен мүмкіндіктің берілетін әлеуетінің калькуляциясына, сосын себебі мен салдары- на бағытталған тәуекел-менеджментінің шараларын бөлуге саяды. Себептілігі тәуекелдің шектеулерін орнату немесе оларды жою үшін шаралар қолдану қажет болатын мүмкін болатын теріс да- мудың ықпалдылығы мен мәнін көрсетеді. Салдарлылығы қалып- тасқан теріс оқиғалар барысында тәуекелді төмендетуге немесе үшінші тұлғаларға өткізуге бағытталған (6.3 сурет). ' СкибаВ.Ю., КурбатовВ.А. Руководство отвнутренни хуТроз информационной безопасности. - СПб.: Питер, 2008. - 165 с.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==