Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
1. Тәуекел-менеджментке кіріспе Э€ 19 - технологиялық мәселелер тәуекелдері (технология ның бастапқы мақсаттарына сәйкес келмейтін, аса күрделі және «та- лапшыл» технологиялар; ресурстармен қамтамасыз етілмеген технологиялар; іске асуы қауіпті технологиялар; тыйым салынған технологиялар); - әлеуметгік мәселелер (өзгерістер) тәуекелдері халық са- нының күрт өсу немесе азаю нысандарында көрінеді, жұмысқа жарамсыз (зейнеткерлер, мүгедектер) топтардың, саналы түрдегі жұмыссыз («кәсіби» жұмыссыздар, босқындар) топтардың артуы, қылмыстық және жартылай қылмыстық әлеуметтік топтардың та- ралуы; - сәйкес емес нарық тәуекелдері және нарықтық жоғалтулар тәуекелдері тауарлық дефицит кезінде және белгілі бір белгілер арқылы анықталады: сауда ұйымдарының жеткіліксіздігі, жүмыс кестесі, басылған баға бәсекелестігі және т.б. Қолдану аясы бойынша тәуекелді жіктеудің маңызды бағыты болып аймақтар және әкімшілік бірліктер табылады. Аймақтық аспектіге бірінші кезекте нақтылау позициясы тән, себебі аймақ параметрлері табиғи жағдайлар, техногендік апаттарды, жергілікті өндірістің технологиялық проблемаларды, әлеуметтік күйзелістер және жергілікті инфрақұырылымды қамтиды. Әкімшілік параметрлердің (әкімшілік бірліктер шеңберіндегі тәуекелдер) аймақтық аспектілеріне қосылуы тәуекелдердің көріну шекараларын түзетуге әкеледі және олардың иерархиясын өзгер- теді және саяси, қүқықтық инфрақұрылым (заңдық), сот өндірісі нарығындағы тәуекелдердің, аз деңгейде әлеуметтік, экологиялық және техногендік тәуекелдердің іске асуын маңызы ете түседі. Аймақтық, спецификалық, әкімшілік, өзіндік технологиялық, ре- сурстық, әлеуметтік аспектілер институты сияқты (кәсіпорын, мекеме, корпорация, үйымдастырушылық қүрылымдары) тәуе- келдің көріну аясында толымдалады. Осы тәуекелдерге заң және атқарушы органдар тәуекелдері, бюджеттік ұйымдар, өндірістік кәсіпорын және қоғамдық үйымдар, кредиттік ұйымдар және әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар тәуекелдері жатады. Тәуекел менеджменттегі әрекеттердің белсенділігін, мақсатқа бағытылығын және қарқындылығын анықтайтын және тәуекел
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==