Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
1. Тәуекел-менеджментке кіріспе 17 Тәуекел менеджменттегі тәуекелдің жіктеу белгілерін қарасты- ру иерархиялық қағидалар мен қатал қүрылымдық құрылыстар- дың қолданылуын қажет етпейді, бүл білімнің саласы мен нақты қызмет аясының қажеттіліктерін әртараптандырумен байланысты. Әртүрлі жобалар немесе қызмет түрлері тәуекелді компоненттерді тиімді басқару үшін әртүрлі әдістемелік, бағалау, сәйкестендіру, талдамалық сызбаларын спецификалық бірізділікте, иерархияда, жиынтықта, құрылымдау мен жіктеу қолдануды қажет етеді. Тәуекелді жіктеудегі әдістемелік сызбалар арасынан тиімді тәуекел менеджментке қажетті және маңызды келесі жіктеу бел- гілерін атап өтуге болады: - қалыптасу саласы; - іске асу саласы; - шама; - салдары; - тәуекелдің басқарылуы. Тәуекелдің классификациялық белгісі - қалыптасу (құрылу, туындау) саласы келесі бағыттарда айқындалуы мүмкін: 1) тәуекел шартгарын шоғырландырудың базалық салалар, аясы. Олардың ішінде тәуекел түрлерінің табиғи, техногендік, тех- нологиялық, әлеуметтік, нарықтық және басқа да нүсқаларын атап өтуге болады, олар жіктеу белгілерінің белгілі нүсқасы бойынша сәйкестендірілген. Жалпы амалдарға қарамастан, бір жағынан, тәуекелді іске асырудың жеке көпнұсқалығын, бір жағынан, осы жіктеуде тәуекелдің көптүрлерін басқарудағы базалық бағыттарды әзірлуге негіз бола алатын сырықты параметрлерді айқындау және тиянақтау мүмкін. Осылайша, табиғи қалыптастыру саласындағы тәуекел үшін таңдау аздығы мен шоғырландыру шектілігі тән және басқарудың (бейтараптандыру және орын басу) капиталды (құрылыстық) және сақтандыру әдістері талап етіледі; 2) негізгі сапалар мен факторлар, тәуекелдің туындауын ша- малап айқындайтын (жоғарыда қарастырылған базалық салалар шеңберінде). Осы жіктеу белгісі бойынша келесілер айқындалады: - табиғи тәуекелдер, ғарыштық тәуекелдер (метеорлық шабуылдар, сәулелер және т.б.); атмосфера тәуекелдері (дауыл, құйын, нөсер және т.б.); су апаттары тәуекелдері (теңіз дауылы, 2-3/41-17
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==