Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

1. Тәуекел-менеджментке кіріспе 13 стегі айқынсыздығын жалпы анықтау және сонымен қатар әлдебір жағымсыз, негативті жағдайдың орын алу қаупімен ахуал сипаты- ның нақтылы үйлестіру. 3. Тәуекелдердің мазмұны, мәні және түрлері. Тәуекел белгілі баламаларды таңдаумен, нәтиже ықтимал- дығы есебімен байланысты, бұл оның субъективті жағы. Бұдан басқа психологиялық, адамгершілік, идеологиялық бағыттары, қағидалары, үстанымдарының және тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты адамдардың экономикалық тәуекелдің өлшемін бір- дей қабылдамайтындығымен көрінеді. Тәуекелдің объективті мазмұны әлеуметтік-экономикалық өмірдің субьектілері түсетін қарым қатынастың көптеген табиғи, әлеуметтік және технологиялық процестердің, материалдық және идеологиялық қарым қатынастардың көпнұсқалылығымен шарт- талады. Тәуекелдің объективтілігі оның осы ұғымдар өмірде бар құ- былыстарды, процестерді, қызмет салаларын нақты қамтып көрсе- теді. Тәуекел оның бар не жоқ екендігіне, ескерелі ме жоқ па, оған байланыссыз өмір сүреді. Тәуекелдің субъективті-объективті табиғаты оның субъективті сипаттағы процестер, сондай-ақ адамның санасы мен еркінен тыс өмір сүретін процестерден туындайтындығымен анықталады. Тәуекел танылу нысаны мен мазмүны жағынан біртекті емес түрлаусыздықтың болуымен тікелей байланысты. Бірінші кезекте, бұл сыртқы ортаның түрлаусыздығы. Сыртқы орта кәсіпкерлік қы- змет іске асырылатын және динамикасына бейімделуі тиіс эконо- микалық, әлеуметтік және саяси шарттарды қамтиды. Болжанған жағдайдың (басқарылатын немесе бақылаудағы процестің) орын алуының жоғары ықгималдығы жоспарланған сценари мен нәтижеге шегінде қойылған міндеттерді орындауға деген менеджменттің позитивті мақсатты нүсқамасын қалыпта- стырады. Сонымен бірге, жағдай бастапқыда орындалатын болып болжанады, яғни ол жүзеге асады, және жағымды беталасын қа- лыптастыру, тұрақты жағдайды қолдау, шығындар, залал, бүліну

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==