Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

12 Тәуекел-менсджмент 2) процестің жоспарланған нәтиже мен нақты нәтиженің, басқару объектісінің қорытынды және күтілетін параметрлері мен ахуалының үйлеспеушілігіне әкелетін тәуекелдің нәтижелік жағы. Тәуекелді қалыптастырудың біртұтас процесін факторлық және нәтижелілік жағы деп бөлу негізінен теориялық құндылыққа ие. Осындай көзқарасқа тәуекелдің факторлық және нәтижелік қырының біртұтастығы Қоршаған орта факторларының әсерін то- лықтыратын немесе ауытқушылықтарын түзететін менеджменттің жедел араласуы тәуекелдің факторлық және нәтижелік қырлары арасындағы өзара байланысын көп жағдайда анықтайды, себебі нақты жағдайда тәуекелдің нәтижелілік қыры әрдайым оның фак- торлық қыры базасында қалыптасады. Алайда тәуекелдің фак- торлық қыры әр кезде нәтижелік қырының қалыптасуына әкеліп соқпайды. Осы ережені негізге ала отырып тәуекел менеджментіне қатысты екі қорытынды шығаруға болады: 1. тәуекелдің факторлық және нәтижелілік қырларын басқа- рудың әдістері мен амалдары әдістемелерімен, қаржыландырумен және ұйымдастыруымен біршама ерекшеленеді, алайда жеке қиы- стырулар да болуы мүмкін; 2. тәуекелдің факторлық және нәтижелік қырларын басқару- дың әдістері мен қағидалары маңыздылығы, мәні, сапасы тұрғы- сынан белгілі сатыда түр. Тәуекел менеджментінде шығындардың алдын алатын, алайда тек нәтижелілік қырын басқарудың құралдарымен келтірілген за- лалдың орнын басатын факторлық қырын басқару әдістері қажет- тілермен салыстырғанда жетекші рөлге ие. Жоғарыда баяндалған тәуекел концепциясы түсіндірме- лерінің түрлерін талдау тәуекелге негативті салдарын ескере оты ­ рып анықталмағандықгың, белгісіздіктің, орындалмағандықтың, нұсқалықтың жалпы сипатын немесе тәуекелге нақты түрде қауіп, залал, жоғалту, шығын сипатын беретіндігі іуралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жерде тәуекел менеджменттің әді- стемесі мен теориясының аса маңызды мәселелері жасырынған, бірінші кезекте, терминология саласында. «Тәуекел» терминіне екі түрлі жүктеме артылған ауытқу ықтималдығын, барлық көріні-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==