Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

1. Тәуекел-менеджментке кіріспе 11 Тәуекелдің қарама қайшылығы, баламалылығы және бел- гісіздігі жаңа, әлеуетті қызмет түрлерін енгізуге қиындық туғыза- тын және қоғамдық дамудың тежегіші болатын консерватизм, дог ­ матизм, оралымсыздық, психологиялық кедергілерді жеңуге және табысқа қол жеткізуге бағытталған бастамалар мен тәжірибелерді жүзеге асыруға, және де жаңашылдық идеяларын енгізуге мүмкін- дік береді. Бұл тәуекелді басқарудың кешенді, эшелондық үлгілерін бағыттары мен құралдары бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін атап өту маңызды. Тәуекелдің орын алуына деген күмән тәуекелдің факторла- рын, сондай ақ салдарын шоғырландыратын салалар қатарымен қалыптаса алады: - қоршаған ортаның агрессивті факторлары (сәйкесінше орта азды көпті қозғалмалы, өзара байланысты, анықталмаған бо- лып қарастырылады); - басқарудағы немесе бақылаудағы үрдіс ерекшеліктері (процестер азды көпті тұрақты, стандартты, күрделі, көпнұсқалы, әр түрлі деңгейде ақпаратпен қамтамасыз етілген деп болжанады); - басқару объектісінің ерекшелігі (олардың қызмет саласы, ұйымдастырушылық қүрылымдары, саясат, корпоративтік мәде- ниет және басқа сипаттар тұрақтылығы, адекваттылығы, агресси- ялығы бойынша ажыратылады); - басқару субъектілерінің ерекше сипаттары. Осы сенімсіздік, сәйкесінше тәуекел, себептерінің көптүр- лілігі туралы ақпараттылық, оларды тәуекелді басқару жүйесіне базалық құраушысы ретінде енгізу тиімді тәуекел-менеджменттің негізгі шарты болып табылады. Жоғарыда баяндалған тәуекелдің анықтамасынан туындайтын маңызды ереже тәуекелдің шоғырлану саласын ажырату болып та ­ былады. Тәуекелдер процестің өзінде немесе нәтижесінде проекция- ланады, және сәйкесінше, тәуекелдің екі жағын бөліп көрсетуге болады: 1) басқарудағы және бақылаудагы процестің оның бол- жанған даму сценариінен ауытқуларымен байланысты тәуекелдің факторлық жағы;

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==