Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент

10 3€ Тәуекел-менеджмент «Жағдай» ұғымын қандай да бір қызмет түріне белгілі ахуал жасайтын әртүрлі жағдайлар мен шарттар жиынтығының үйлесімі деп анықтауға болады. Бұл ретте жағдай осы әрекетті жүзеге асы- руға кедергі келтіруге немесе себептесуге мүмкіндік береді. Көптеген экономикалық үрдістердің қызмет етуі мен дамуына анықталмағандық элементтері тән. Бұл бірмәнді нәтижесі (шешімі) жоқ жағдайдың туындауын ескертеді. «Тәуекел» ұғымының мәнін құрайтын келесі негізгі элементтерді атап өтейік: - таңдалып алынған балама үшін жүзеге асырылған бол- жанған мақсаттан ауытқу мүмкіндІгі; - қалаулы нәтижеге қол жеткізу ықтималдығы; - қойылған мақсатқа қол жеткізуге сенімділіктің болмауы; - анықталмағандық шартында таңдап алынған баламаны іске асырумен байланысты материалдық, адамгершілік және басқа жоғалтулар мүмкіндігі. Тәуекелдің маңызды элементі болып тандап алынған мақсат- тан ауытқу мүмкіндігі табылады. Сонымен бірге жағымды және жағымсыз қасиетгі ауытқулар болуы мүмкін. Аталған элементтер, олардың өзара байланысы және өзара әрекеттесуі тәуекел мазмұнын қамтиды. Сонымен қатар тәуекелге «тәуекел» терминінің мазмұнын түсінуге ықпал ететін белгілер қатары тән , мысалы, тәуекелдің ке- лесі негізгі белгілерін атап өтуге болады: - қарама қайшылық; - баламалылық; - белгісіздік. Қарама цайшылық тәуекел белгісі ретінде әртүрлі аспектіде көрінеді. Тәуекел қызметтің әр түрін қамти отырып, бір жағынан, белгісіздік шартында және шарасыз таңдау жағдайында бірегей, жаңа әдістер арқылы қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жет- кізуге бағытталған. Баламалыльщ тәуекелдің әртүрлі вариациясын және оның оң және теріс салдарын көрсетеді. Белгісіздік тәуекел жағдайы туындағанда соңғы нәтиженікай- қынсыздығы деп түсіндіріледі. • - • "ST 4

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==