Кишибекова, Г.К. Тәуекел-менеджмент
1. Тәуекел-менеджментке кіріспе 9 Экономика көзқарасынан тәуекел мәні оның салдарымен жиі араластырылады және тәуекел туралы ұтылған пайда, жана- ма қаржылық задал, жоспарланбаған шығындар және тәуекелдің басқа да қаржылық нәтижелері ретінде айтылад ы 1 . 1 Батищева Т. Сократить риск в менеджменте // Эксперт-Казахстан №2 31.01.05-13.02.05, А. 2005 г Тәуекел - бұл белгісіздіктен туындайтын сыртқы және ішкі ортаның агрессиялық факторларының көрінісі басқарылатын (бақыланатын) үрдістің нақты бағытының болжанған сценариден және қорытындысында күтілетін нәтижеден (мақсаттан) ауытқу мүмкіндігі. Мектеп, ғылым, орта, кәсіпкерлік саласы, қызмет бағытына байланысты «тәуекел» ұғымының түсіндірмесі, сәйкесінше, осы санаттың анықтамасы да әрқалай өзгеріп отырады. Тәуекел - бел- гілі бір қауіптің болуы деп сипаттауға болады, күтілетін жағдайдың орындалмау ықтималдығы немесе негативті, жағымсыз бір нәр- сенің орындалмауы сияқты, жобаны іске асыру барысы мен щарт- тары туралы қажетті ақпараттың жеткіліксіздігі сияқты, басқары- латын процестің нұсқалығы сияқты, ал көп жағдайда нақты тұрақ- сыз жағдайдағы нақты әрекет сияқты сипатгалады. Тәуекел санатының базалық түсіндірмесінің компоненттері маңыздылығы және функционалдылығы бойынша нақты иерар- хияға ие. Тәуекел мәніне аса қисынмен және талаппен сенімсіздік тұрғысынан қарау керек. Тәуекел, осы жағдайда, басқарылатын (бақыланатын) процесс болжанған сценарий бойынша өтеді және күтілетін нәтижеге әке- леді деген күмәнмен түсіндіріледі. Тәуекел мәнін тану және тәуекелді басқару негіздерін әзірлеу ғылыми-әскери, техникалық, жаратылыстану, әлеуметтік, экологи- ялық, ақпараттық, математикалық және экономикалық ғылымдар- дың сұрақтары болып табылады. 2. Тәуекелдің жалпы сипаттамасы «Тәуекел» анықдамасын толық сипаттау үшін «тәуекел жағдайы» үғымын анықтап алу абзал, себебі ол «тәуекел» тер- минінің мазмұнымен тікелей байланысты.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==