Аманова Г.Д. Басқару есебі
бағалауға да кіргізілмейді. Сондықтан оларды кейде сыйымды қор шығындары деп атайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады: а) жалпы және әкімшілік шығыстар; б) тауар-материалдық қорларды сату бойынша шығыстар; с) сыйақы шығыстары. ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген бухгалтсрлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес кезең иіығыстарына 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7110 «Өнімді сату және кызметтерді корсету бойынпіа шығыстар», 7310 «Сыйақы бойынша шағыстар» шоттары кіргізілген» [9]. е) бір элементті және кешенді шығындар. Бір элементті шығындар деп экономикалык элементтер бойынша қосылған шығындарды айтады. Кешенді шығындар бірнеше элементтерден тұрады, яғни бір шотқа барлық шығын элементтсрі кіреді. Айталық, 8110 «Негізгі өндіріс» шоты кешенді болып табылады. Өндірістік шығындарға анық бақылау үшін 8110 «Өндіріс» кешенді шотына шығындар баптары бойынша бір элементті гранзиттік шоттар ашылады. Бүл үшін бірінші тура жәнс жанама шығындар бойынша баптарды аныктап алу керек. Тура шығындарға шикізат пен материалдар, өндірістік персоналдың жалақысы, әлсуметтік салықтар, өндірістік үстеме шығыстардың ауыспалы бөлігі кіреді. Сөйтіп, шикізат пен материалдар бойынша шығындарды есепке алу үшін мынадай «Өндіріс» транзиттік шоттар ашу қажет: 8111 - «Шикізат пен материалдар бойынша шығындар», бүл шот бойынша келесі аналитикалық шоттарды ашуға болады: 8111/1 - «Сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен сатып алынатын бұйымдар бойынша шығындар»; 8111/2 - «Жанар-жағар май бойынша шығындар»; 8111/3 - «Баска да материалдар бойынша шығындар». Осы шоттың дебеті бойынша 1311 «Шикізат жэне материалдар» шотының кредитінен осы баптар бойынша шығындар топталады. Материалдар өндіріске есептен шығарылғанда оларды сатып алудың нақты өзіндік күны бойынша немесе есепке алу бағалары бойынша есепке алынады. Материалдарды есепке алу бағасы бойынша есебін жүргізгенде, есепкс алу бағасы бойынша қорлар кұны мен қорларды накты сатып алудың өзіндік құны арасындағы айырмашылық есептік жолмен осы 34
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==