Аманова Г.Д. Басқару есебі

Жанама шығындар деп өнімнің бірнеше түрлерін шығарумен байланысты шығыстарды айтады (жабдыктарды ұстау, оларды пайдалану шығыстары, цех шығыстары, өзіндік құнға тура кіргізілмейтін басқа да шығыстар). Бұл шығыстар өнімнің өзіндік құнына оларды болу арқылы кіргізіледі. Оған жататындар: - жалпы өндірістік шығыстар; - цех шығыстары; - өндірістік смес шығыстардың бір бөлігі[ 15]. Мұнда жалпы өндірістік шығыстар деп жалпыөндірістік мақсапағы жабдықтарды ұстау, оларды пайдалану бойыніпа шығыстарды айтады: - өндірістік жабдықтардың, көлік құралдарының амортизациясы; - жөндеу қорына аударымдар немесе өндірістік жабдыктарды жөндеу бойынша шығындар; - жабдықтар мен көлік кұралдарын пайдалану бойынша шығыстар; - жабдыктарды пайдаланумен байланысты баска да шығыстар. Цех шығыстары - бұл сол цех бойынша өндірісті ұйымдастырумен байланысты шығыстар: цех персоналын ұстау шығындары, еңбек ақысынан аударымдарды коса; өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмсн, т.б. қамтамасыз ету бойынша шығындар; - ғимараттардың, имараттардың жөндеу қорына аударымдар немесе оларды жөндеу бойынша шығындар; ғимараттарды, имараттарды, құрылыстарды, құрал- саймандарды ұстау шығындары; - зерттеулер, тәжірибелер, сынақтар өткізуге арналған шығындар; - оңтайландыру және өнертапқыштық бойынша шығындар; цех жұмысшыларының еңбегін қорғау, кауіпсіздік техникаларын сатып алу, т.б.; - басқа да цех шыгыстары (іссапар, жалдау толемдері). Өндірістік емес шығыстардың барлығы, соның ішінде: - ішкі өндірістік ссбептерге байланысты болған іркілістерден болған зиян; - материалдық емес құндылықтарды цехта сактау кезінде бүлінудсн болған зиян; - табиғи зиян нормалары шегінде материалдық құндылықтардың кем шығуынан болған зиян; 32

RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==