Аманова Г.Д. Басқару есебі
негізгі құралдар, еңбек ресурстары. Жауапкершілік орталығынан шығарда - жартылай фабрикаттар, өнімдср, қызметтер, шығарылған жұмыс көлемі. Компания әкімшілігінің сегменттік есептілігі туралы ақпарат, жауапкершілік орталықтарының қызметін бақылап, менеджерлердің қызметін бағалауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, сегментгік есептілік, менеджерлердің озіне жұмысында көмектеседі - егер жоспар орындалмай жатса, ол себебін анықтап, алғашқылардың бірі болып әрекет етеді. Ішкі сегменггік есептілікті жасаудың негізгі мақсаты ішкі пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы, сегменттік ішкі есептілікті жасау, негізінен, жауапкершілік орталықтарының менсджерлеріне, талдаушы бухгалтсрге пайдалы, сондықтан ішкі ссеп мынадай болуы тиіс: • нақты және атаулы; • ақпарат жедел және пайдалы; • акпарат жауапкершілік орталығының алдағы жұмысын жақсартуға пайдалы болуы тиіс; • сегменттік есептілік форматтары - тұрақты; • есептеулермсн артық жұмыстар болмауы, т.б. Жауапксршілік орталықтары бойынша есептіліктер жасау негізінде бақылау жасалыну принципі бар. Кез-келген сегменттік есептілікте жоспарлы көрсеткіштерден нақты көрсеткіштердің ауытқуы туралы ақпарат бар, бұл тәжірибеде ауытқушылыктар бойынша басқару принципін іске асыруға мүмкіндік береді. Ауытқушылықтар бойынша басқару: 1) пайда өсімі факторының жедел орындалуына немесе зиянның пайда болу себебін анықтауға; 2) туындаған қолайсыз ауыткушылықтар үшін жауапкершілік белгілеуге мүмкіндік береді. Компанияның басқарушылық есебінің басқарушылық шешім кабылдау үшін жауапкершілік орталықтары бойынша ақпарат жинаудағы ролі 1. Суретте көрсетілген. 1 суреттсн көрініп тұрғандай, сегментарлық есеп жүйесіндс жиналып, талдап, қорытылған ақпарат мүдделі колданушыларға сегменттік есептілік түрінде, яғни ұйым бизнесінің жекелеген сегменттері бойынша қалыптастырылған есептілік түрінде жеткізіледі. 20
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==