Аманова Г.Д. Басқару есебі
жекелеген құрылымдық бөлімшелер қызметінің қорытындысы арасындағы жауапкершілік бөлінеді. Сонымен, кәсіпорынды басқарудың орталықтандырылмаған құрылымын қалыптастыру екі өзара байланысты міндеттерді шешуді көздейді: -орындаушылар арасында жауапксршілікті белу; -олардың жұмысының сапасын бақылау. Керісінше байланыс та бар: бұл міндеттср жолға қойылған басқарушылық есебі жүйесі болмаған жағдайда сәтті шешілуі мүмкін емес. Басқарудың орталықтандырылмаған құрылымының негізгі басымдығы, ол жауапкершілік орталықтары басшыларының басқарушылық шешім қабылдаудағы еркіндігі. Бүл ең томен басқарушылык деңгейде кабылданатын шешімдердің негізділігі мен жеделдігіне оң эсер етеді. Кәсіпорын әкімшілігі ағымдағы міндеттерден, кажытарлық жүмыстар орындау қажсттігінен құтылып, болашағы бар мәселелерді шепіуге, үйым сгратегиясын әзірлеуге күшін жұмсауға мүмкіндік алады. Алайда, орталықтандырылмаған жүйенің сәтті жұмыс істсуі, кем дегенде екі шартты сактаған жағдайда мүмкін болады: -жоғары білікті басқарушылық персоналдың болуы; -жалпы ұйымның және оның жеке құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары мен мүдделерінің келісушілігі. Ұйымдастырушылық қүрылымының таңдаған түріне қарамастан, ол орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған болғанына қарамастан, компанияны қаржыландыру жауапксршілігі жоғарғы басшылықта болады. Басқаша айтқанда, каржылык функциялар қалай болғанда да орталыктандырылады. Егер де әкімшілік өз кәсіпорнының ұйымдастырушылык қүрылымын пайда және инвестициялар орталығы негізінде қалыптастырса, онда оған ары қарай қандай принцип бойынша құрылымдық бөлімшелер күру қажеттігі туралы шешім қабылдауға тура келеді: өздері шығаратын өнім түрі бойынша ма, не болмаса олар қызмет көрсететін географиялық аймактар бойынша ма, әлде сатып алушылар тобы бойынша ма? Үйымдастырушылық құрылымын құра отырып, ол сегменттер қызмстін бағалау процссін жеңілдете ала ма, соны ескеру қажет. Бүл өз кезегінде әрбір баламалы қүрылыммен теңестірілген жалпы шығындар санына байланысты, себебі қандай да бір басқару 18
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTA4MTcyMQ==