Тіршілік қауіпсіздік негіздері
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ 1. Қауіпсіздік және тұрақты даму. Қазіргі әлемдегі қауіпсіздіктің мәні 1.1. Қауіпсіздік ұғымына кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар 1.1.1. «Адам - коршаған орта» сипаттык жүйелер. Адам мен қоршаған орта арсындағы байланыс Адам туылған сәттен бастап өмір сүруге, еркіндікке жэне бақытты болуға кұқылы. Ол өзінің өмір сүруге, демалысқа, денсаулығын сактауға, колайлы коршаған ортаға, кауіпсіздік пен гигиеналык талаптарға сай еңбек жағдайларына кұқығын өмір сүру барысында жүзеге асырады. Бүл аталған кұқыктар Қазақстан Республикасының Конституциясымен корғалады. Өзінің тіршілік ету үрдісінде адам баласы коршаған табиғи ортамен тығыз байланысты, осы орайда адам табиғи ортаға тәуелді болды жэне болып кала береді. Осы табиғи ортаның өнімдері есебінен адам тамактанудағы, ауаға қатысты, суға қатысты, материалдық ресурстарға қатысты жэне т.б. қажеттіліктерің өтейді. Адам мен табиғи орта үздіксіз байланыса отырып үнемі кызмет етуші «Адам - тіршілік ету ортасы» деп аталатын жүйені кұрайды. Әлемнің эволюциялык даму нәтижесі осы жүйені құраушы элементтер айтарлықтай өзгерді. Адам баласы өз-өзін жетілдіріп дамыды, Жер планетасындағы түрғындар саны және урбандалу деңгейі артты, қоғамдық үлес жэне қоғамның элеуметтік негізі өзгерді. Тіршілік ету ортасыда өзгерді: Жер бетінің адам игеретін территориясы үлғайды, табиғи коршаған орта адамдар мен коғамның бірте-бірте артып келе жатқан эсерін сезінді, адам колынан жасалған тұрмыстық, калалык және өндірістік орталар пайда бола бастады. Табиғи қоршаған орта өз-өзіне жеткілікті дәрежеде және адамның катысынсыз-ак өмір сүріп дами береді, ал адам колымен жасалған өзге орталар адам катысунсыз дамып өркендей алмайды, олар пайда болған сәттен-ак бұзылып кирауға жэне ескіруге тэуелді. Адамның алғашкы даму сатысында ол табиғи ортамен тығыз байланысты болды, олар негізінен биосфера, Жердің қойнауы байлықтары, галактика жэне шексіз космостан тұрады. ~ 7~
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==