Тіршілік қауіпсіздік негіздері
ТІРШІЛІК ҚАУІПСВДІК НЕГІЗДЕРІ Солардың ішіндегі зияндылары мыналар: ауаның газдануы жэне шаңдануы, шуыл жэне вибрация, электромагниттік өріс, иондық сәулелену, атмосфералық ауаның жогарғы жэне төменгі параметрлері (температура, ауа ылғалдылығы, атмосфералык қысым), жеткіліксіз дәрежедегі немесе дұрыс емес түсірілген жарықтандыру, кызметтің біртектілігі, ауыр еңбек ету жағдайлары жэне т.б. жарақат тудырушы (жарақат қауіптілігі) бар факторларға мыналар жататы: электр тоғы, жоғарыдан эр түрлі заттардың қүлау қауіптілігі, биіктік, қозгалатын машиналармен механизмдер, кұлаған қүрылымдардың қалдықтары. Зиянды фактор - бұл адам баласының денсаулығына кері эсер ететін немесе эртүрлі ауруларга алып келетін қолайсыз эсер. Зацымдаушы (Зацымдану цауыптілігі бар) фактор - бұл адам баласның жаракаттануына немесе өлімге әкеліп соғатын колайсыз эсер. Тұрмыстық жағдайда біздің айналамызда өте коп қолайсыз факторлар кездеседі. Оларға мыналар жатады: табиғи газдың жануы салдарынан зиянды заттармен ластанған ауа, ЖЭС (жылу электр станциялары) шығарындыларымен ластанған ауа, өндірістік кәсіпорындар, автокөлік жэне қокыс өртегіш қондырғылар арқылы ауаның ластануы; қүрамында зиянды заттар мөлшері жоғарғы дәрежедегі су, сапасы төмен азык-түлік; дыбыс жэне инфра дыбыс, вибрация (діріл); түрмыстық қондырғылардың, теледидарлардың, мониторлардың, радио желілі қондырғылардыц электромагниттік өрісі; ионданушы сәулелер (табиғи фон, медициналық тексеріс, құрылыс материалдарының фоны, тұрмыстық қондыргылар мен приборлардың сәуле бөлуі); дэрі дэрмектерді артық мөлшерде немесе дұрыс емес тұтыну, табак өнімдері, бактериялар мен аллергендер. Адамға қауіп төндіретін қауіптілік элемі өте үлкен және күннен күнге артып келеді. Өндірістік, қалалық, тұрмыстық жағдайдағы адамға бір уақытта бірнеше зиянды факторлар эсер етеді. Нақты уақыт аралығындағы адамға эсер ететін қолайсыз факторлар кешені «адам - тіршілік ету ортасы» жүйесінің сол уақыттаға нақты жағдайына байланысты. Барлық қауіптіліктер бірнеше белгілері бойынша классификацияланады. ~ 15~
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==